ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

Алатау ауданындағы  №154 мектепте Тұңғыш Президент күніне және Алатау ауданының 10 жылдығына арналған мерекелік іс-шара осылай аталды.

Мемлекеттік деңгейде аталып өтетін мерекенің бірі – Тұңғыш  Елбасы күнінің маңызы ерекше. Осы айтулы мереке Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154 мектепте  жалғасын тапты.

Мектебіміздің директоры Қаламқас Алмасбаева барша көрермендерді мерекелерімен құттықтап, келген қонақ­тармен таныстырып өтті.  Іс-шараға  Алатау аудандық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сағидолла ақсақал, Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбекова,   Алатау аудандық «Нұр Отан»  филиалы төр­аға­сының бірінші орынбасары  Мұханқали  Алмасаев, Алатау ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалының кеңесшісі Есенбай Қордай, Гончаров атындағы ҚазАДИ университетінің проректоры Рамазан Бекбол мырза және «Алматы ақшамы» газетінің тілшісі Нұрлан Сүйін, Алматы қалалық орталық  мұрағаттың  маманы Ғалия Ақаева ха­ным келіп, жас өнерпаздарымыздың  өнерін тамашалады.

Барша көрерменнің  жүрегін селк еткізген қойылым  мектеп оқушыларынан  құрылған, Ләйла Телтаева жетек­шілік ететін оркестрдің  «Әлқисса» күйінен бастау алып, Ажар Абдрахманованың жетекшілігімен «Жұлдыздар» би тобының мың бұралған бишілерінің биімен жалғасын тапты. Жас  көркем сөз оқу шеберлері  Индира Ергеш, Арайлым Маратова, Жанболат Талғатұлы, Шын­болат Талғатұлы, Әбілмансұр Алтай, Сафина Бұқарбаева, Ұлжан  Мамбетова Елбасыға арнаған жыр шумақтарын арнады.

Елбасы өмірінен алынған сахналық  қойылым көрерменнің  көңілінен орын алды.

 

Анар ЕГІНШИЕВА,

№154 мектеп директорының орынбасары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close