Еліміздің алмасы — Нью-Йоркте

Нью-Йорктің орталығындағы сая­бақта Қазақстан алмасы отыр­ғызылды. Дәлірек айтқанда, Нью-Йоркте Американың кәсіби бағ­бандарына қазақстандық алмалар­дың тарихы туралы арнайы дәріс берілді. Мекеменің деректеріне сүйенсек, бұл шараны Қазақ­станның Нью-Йорктегі бас консул­дығы, «Қазақстан-америка альянсы» коммерциялық емес ұйымы, Нью-Йорк қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған.

– Дәріске қатысқан бағбандар Қазақстан алмаларының ауруға төзімді екенін, шағын ғана аумақта алманың алуан түрін өсіруге болатынын, табиғи дәмі мен көлемінің ерекше болатынынан хабардар болды, – дейді мамандар. Бас консул Раушан Есболатованың айтуынша, мұндай дәрістер амери­калықтарға Қазақстан тарихымен және мәдениетімен жақыннан танысуға мүмкіндік береді. «Бүгінгі күні Нью-Йоркте 50 түп Қазақстан алмасы отырғызылғанын көп адам біле бермейді. Сондықтан, бұл дәрістер қазақстандықтар мен өзге де шетелдік туристерге қазақ алма­сының кереметін тануға мүмкіндік береді», – дейді Р.Есболатова.

 

Ең үлкен түрме

Ленинград облысының Колпин қаласында Ресейдегі ең үлкен тергеу оқшаулағышының алғашқы нысаны пайдалануға беріледі. Бұл туралы Ресей Федералдық жазаны орындау қызметі сайтында хабарланды. Тергеу оқшаулағышы Ресейдегі ең үлкен түрме болмақ. Түрме зама­науи технологиялар мен еуропалық стандарттар бойынша салынып жатыр. Камералық алаң тергеудегі бір адамға 7 шаршы метрді құрай­ды.

 

Дүниедегі ең қиын сөз 

Мамилапинатапай (Mamіһlapіnatapaі) – кең мағыналы және аударылуы қиын сөз ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірген екен. Мамилапинатапай – Оңтүстік Америка архипелагтарының бірінде тұратын яган тайпасы тіліндегі сөз. Оның мағынасы бір-бірін қалап тұрған, бірақ, бірінші болып бастағысы келмей, қарсы жақтың бастауын қалайтын екі адамның бір-біріне деген көзқарасын білдіреді.

 

Сауапты іс жасады

Түрмеден босап шыққан Уэсли Джой күнәларынан арылу үшін сауапты іс жасауға ниет білдірді. 32 жастағы ер-азамат Салли-Энн-Грейнджер есімді әйелге өзінің бүйрегін беріп, екі баланың анасын өлімнен аман алып қалды. Британдық Салли есімді әйел бүйрек трансплантациясына донор іздеп жүргенін жергілікті басы­лымдар арқылы хабарлайды. Оның бұл өтінішіне 10 адам хабарласып, бүйрегін беруге ниет білдіріпті. Олар­дың арасында бұрынғы қылмыскер Уэсли Джой да болады. Осылайша, ол басқа адамның өмірін сақтап қалады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *