ЕЛІМІЗДЕ ИНЖЕНЕР МАМАНДАР ТАПШЫ

Бұл мәселені ретке келтіру үшін не істеу керек?

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жол­дауындағы жаңа индус­трия­ландыру стратегиясын жүзеге асыру ісінің қолға алынуына бай­ланысты елімізде заман ағы­мына сай білікті кадрлар, техни­калық интеллигенцияның жаңа буынын дайындау мәселесі барын­ша өткір сипатқа ие болып отыр. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасының алғашқы онжылдық үшін белгі­ленген талабы орындалды. Енді Елбасымыз еліміздің 2020 жыл­ға дейінгі индустриялық-инно­ва­циялық даму стратегиясын ұсын­­ды. Мұндағы басты міндет — шикізат сату ғана емес, оны өң­деу ісіне келіп тіреледі. Демек, эко­номикалық дамудың ендігі қозғаушы күші дамыған адам ре­сурсы болып табылады. Бұл ретте заманауи инженер маман­дардың алар орны ерекше болмақ.

Серік ЖҰМАБАЙ

Қазір Білім және ғылым министрлігі техникалық мамандықтарға көптеп көңіл бөліп, осы салаға мемлекеттік тапсырысты көбейтіп отыр. Өйткені, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін бізге 108 мыңға жуық маман қажет екен. Оның ішінде инженер мамандарына деген сұраныс 12 мыңнан асады. Мұны­мен қоса еліміздегі шетелдік компа­ниялар мен ұлттық холдингтер өздеріне керекті мамандардың көбін шетелден шақыртып отырғанын ескерсек, отандық инженерлерге деген сұраныстың қанша­лықты артып тұрғанын аңғаруға болады. Бірақ өкініштісі сол, біздің ЖОО-лардың басым көбі сапалы инженер мамандарды дайындай алмай отыр.

Онымен қоса, ҰБТ жолға қойылғалы бері, мысалы, журналистика, өнер сала­сын таңдаған талапкерлердің шығар­машылық қабілетін сынап емтихан аламыз да, ал инженерлік мамандық­тарға тапсырған үміткерлердің сол салаға бейімі, қызығушылығы бар-жоғын анықтап жатпаймыз. ҰБТ-дан кездейсоқ жоғары балл алып, грантқа түскен, бірақ техникалық мамандыққа ебі де, құлқы да жоқ үміткерлер топ-тобымен ЖОО-ға түсіп, еш құлшы­ныссыз, ұмтылусыз-ақ қолына диплом алып шығады. Мүмкін техникалық, әсіресе инженерлік мамандықтарға тапсырған талапкерлердің сол салаға қызығушылығын, шығармашылық қабілетін анықтау үшін қосымша емтихан алған дұрыс шығар. Сондай-ақ, көптеген ЖОО-да, тіпті ұлттық универ­ситеттердің өзінде техникалық маман­дықтарды оқытатын оқу құралы, толық­қанды жазылған оқулықтар жоқ. Көбі  ескі, 70-80 жылдары шыққан оқулықтар. Енді техникалық университеттердің материалдық базасын, оқу құралдарын толықтамай жатып, қалай білікті маман даярламақпыз? Әрине, оқулықтарда физика, математика, химияның заңды­лықтары әрқашан сақталады. Бірақ оны іске асыру технологиясы үнемі өзгеріп тұрады емес пе? Қазір техника, техноло­гия дегендеріңіз күн сайын өзгеріп отыр. Мәселен, таяуда техникалық универси­тетті бітіруші бір топ жас маман өнді­рістік-тәжірибеден өтуі үшін зауытқа барғанда, ондағы техниканы көріп таңғалған. «Біздің кітаптан оқыған бірде-бір техникамыз мұнда жоқ», – дейді олар. Сондықтан ЖОО-лар көптеген өндіріс орнымен, зауыттармен, ғылыми-зерттеу институттарымен келісімшартқа отырып, студенттердің тек теориялық жағынан емес, практикалық жағынан да шыңдалуына көмектескені қажет-ақ болып тұр. Оның үстіне білікті кадр дайын­дау үшін білімді ұстаз қажет. Алайда, біздегі ЖОО-ларда жаңа техни­калық мамандықтарға бейімделген білікті ұстаздар өте аз. Қазақстан ғылы­мында кадрлардың қартайып бара жатқандығын халықаралық сарапшылар да айтып жүр. Енді 60-70-80 жасқа келген ғалымдардың бірен-сараны болмаса, басым көбінің күнбе-күн өзгеріп жатқан жаңа технологиялардың барлығын сараптамадан өткізіп, елеп жатпайтыны белгілі. Ал ескі техникамен дәріс алған жас маман түрлі зауыт­тардағы жаңа станоктарға жақындай ала ма? Егер оны қалай қолдануды білмесе, зауыт басшысының да ондай маманды жұмысқа алмайтыны айдан анық.

Міне, осындай себептерге байла­нысты еліміздің экономикасының дамуы үшін ауадай қажет болып отырған техни­калық саланың сапалы маманда­рына зәру болып отырмыз. Сондықтан тиісті орындар жоғарыда көтерілген мәсе­лелерді ескеріп, оны шешудің кешенді шараларын қолға алса, дұрыс-ақ болар еді.

Техника ғылымының докторы, профессор Жұмажан Жаңбыровтың айтуынша, бұл саланы дамыту үшін БАҚ өкілдері әншілерді қалай жұлдыз қылып көтерсе, инженерлерді де солай ардақ­тауы қажет. Онсыз болмайды. Қазір екі өлең айтса, кез-келген әнші жұлдыз болып шығады, ал бәлен жыл уақытын сарп етіп, жаңалық ашып, ғылымға үлес қосып, жаңа технология ойлап тапқан өнертапқышты ешкім танымайды. Табысы да аз. Сондықтан бұл жерде қоғам­дық көзқарас өзгеруі керек. Өнер­тапқыштардың әрбір ашқан жаңалығын көрсетіп, жарнамалап, ал өндіріске енбей отырған ғылыми жұмыстардың өмірге енуі үшін БАҚ өкілдері, жалпы қоғам барынша атсалысуы қажет. Сонда ғана ғылым дамиды, өндіріс алға басады.

Жұмажан ЖАҢБЫРОВ, техника ғылымының докторы, профессор:

– Өкінішке орай, еліміздегі техни­ка­лық университеттердің болашақ инженер мамандарды даярлау деңгейі өте төмен қарқында келе жатыр. ЖОО-лардың материалдық-техника­лық базасы, дәріс беру ісі көп артта қалып қойды. Ол-ол ма, Кеңес үкіметі кезінде бүкіл әлемге танылған Қ.Сәт­баев атындағы Қазақ ұлттық техника­лық университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың материалдық-техникалық базасы ескі. Бүгінгі заман талабына сай емес. Енді мемлекеттік ЖОО-лардың өзі осындай дәрежеде тұрғанда жекеменшік жоғары оқу орындары туралы не айтуға болады? Бір сөзбен айтқанда, қазіргі универ­ситеттердің жағдайымен Елбасының қойып отырған талабына сәйкес ғылы­ми жұмыс жүргізу мүмкін емес.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *