Елімізде еріктілер жұмысы жанданады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігімен ниет, тілек біріктіріп, елімізде волонтерлар жұмысын жандандыру, дамыту үшін функционалды qazvolunteer.kz онлайн-платформасын («Еріктілер жұмысын дамыту үшін ақпараттық қызмет құру» жобасы мемлекеттік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылған) әзірледі.
Аталған платформа волонтерлік түрлі тың жобаларды, бағдарламалар мен акцияларды ақпараттық жағынан қоғамға таныстыру, қалың жұртшылықты хабардар етіп отыру үшін қызмет етпек. Әрі осы жұмыстар арқылы басқа да мүдделес еріктілер мен олардың басын біріктірген ұйымдардың бір-бірін табуына көмектеспек.
Осы жылдың 8 – 17 сәуір аралығында еліміздегі волонтерлар жұмысын үйлестіру және дамуыту бойынша көп функциялы qazvolunteer.kz. онлайн-платформасының сынақ нұсқасы жұмыс істеді. Онда авторизация үшін смс-кодты алу, аймақтардағы тізімдерге қол жеткізу сынды бірқатар ескертпелер назарға алынды.
Қазіргі таңда платформа арқылы 800 ерікті мен 70 ұйым тіркеуден өтті.

Шұғыла ОЛЖАС.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *