Елге қызмет еткенімді мақтан тұтамын

 

Биыл мемлекеттік қызмет саласының іргетасын қалағанына 20 жыл толып отыр. Ал бүгінде мемлекеттік қызметте жүрген­дердің мемлекеттік қызметтің қалыпта­суына және дамуына өзіндік үлес қосып отырғандығы анық. Мемлекетіміздің оңай да ұзақ өмір сүруіне менімен келіседі деп ойлаймын.

Ал менің мемлекеттік қызметке келуімнің өз тарихы бар. 1994 жылдың қазан айында, республикалық жаңа ақпараттық технология орталығы тараған соң, туыстарым маған жұмыспен қамту орталығына хабарласуымды өтінді.

Мен алдымен еңбек биржасына есепке тұрдым. 1995 жылы наурыз айында мені жұмысқа орналастыру үшін Октябрь аудан­дық (қазіргі Жетісу) жұмыспен қамту орталығы – еңбек биржасына жолдама берді. Қазақ политехникалық институтын бітір­генмін.

Жұмыс оңай болған жоқ. Мен жұмыс­сыздарды қабылдай бастадым, олардың жеке мәліметтерін арнайы жұмыссыздар картасына тіркедім. Әр маманды, жұмыссыздар ретінде жеке қабылдап, картотека жүргіздім. Жайлап, тәжірибе жинай бастадым, әр түрлі мәлі­меттерді еңгізетін ақпаратты жүйелерді меңгердім. Тіпті, жұмыс қызық бола бастады.

Ол кезде AІST ақпаратты жүйесінде жұмыссыздарды тіркеу локальді жүйесі болған жоқ, сол себептен әр аптаның соңында АБЖ бойынша маман, жұмыссыздар бойын­ша ақпаратты дискетке көшіріп, өзектілік үшін қалалық жұмыспен қамту орталығына жіберу керек болатын. Басқа да аудандық жұмысқа орналастыру орталықтарымен таны­сып, олармен тығыз байланыс жасай баста­дым.

Жарты жылдан кейін бөлім басшысы етіп тағайындады. 1998 жылы Алматыда біріккен қалалық Моделді халықты жұмысқа орналас­тыру орталығы құрылды, олар қаланың аудандық филиалдарымен бірігіп құрылған болатын.

90-жылдардың аяғында жаппай зауыттар мен фабрикалар жабыла бастады. Сол себептен жұмыссыз қалғандар жұмыс іздеуге және жәрдемақы алуға жұмыспен қамту орта­лығына келе бастады. Сол кезде бір ғана аудандық жұмыспен қамту орталығында 4-5 мың адам есепке тұрды.

Сол кезде Қазақстанның мемлекеттік қызметі өз жұмысын бастады, және біздің моделді жұмыспен қамту орталығы мемле­кеттік орган болып қалыптасты.

1999 жылы наурыз айында Қазақстанда жұмыспен қамту қызметі таратылды. Маман­дар саны азайды (әр ауданда 2-3 адам қалды), сонда да ақылы есептілікке көшсе де, жұмыс­сыз халыққа қызмет көрсету жалғаса берді. Мен сол кезде Алмалы аудандық бөліміне жұмысқа тұрдым. Менің негізгі жұмысым, жұмыссыздарға материалдық көмекті есептеу үшін құжат қабылдау болды. Сол жерде 2001 жылға дейін жұмыс жасай отырып, Алмалы аудан­дық жұмыспен қамту орталығына келдім. Әрине, ол жерден мен тәжірибелі болдым, тек жұмыспен қамту қызметі атауы ғана өзгеріп қана қоймай, халықты жұмыспен қамту туралы заңдар да өзгерді. Мемлекет жұмыс­сыздар үшін жұмыспен қамту шара­лары қабылданды, жұмыссыздар бойынша жәрдемақы төлеу алынып тасталды. Бюджет­тік қаражат көбірек бөліне бастады, жұмыс­сыздар, қайта даярлау курстарынан өтіп, уақыт­ша жұмыс орындарымен қамтамасыз етіле бастады.

Осы жұмыспен қатар, Қазақстан Респуб­ликасының Президенті мен Парламенті мәжілісінің 3-сайлауы өткізіліп, мен сол жерге учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы болып жұмыс атқардым. Әрине, осы жұмыс оңайға түспеді, қаншама жүйке мен күш қажет етілді. Мұндай жұмысты өмірімде бірін­ші рет жасадым. Бірақ мен оған өкінбеймін де, бұл мен үшін үлкен мектеп болды.

Маған басқа мамандардың функцио­налдық міндеттері қызықтыра бастады, сондықтан білмеген жерлерімді үнемі үйренуге талпынып тұратынмын. Компью­термен таныса бастадым. Word, Excell әдістерін үйрендім, кейіннен сызбаларды сызып, диаграммаларды және басқа да бағдарламаларды үйрене бастадым.

Осындай тәжірибелерімнің арқасында 2004 жылы кезектен тыс бөлім бастығы етіп тағайындады. Менің бар ықыласым үнемі оқу және жаңа үрдістерді үйрену болатын, бір орында отыруға мүмкіндік бермеді. 2008 жылы қыркүйек айында Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқар­ма­сының жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы болып ауыстырылдым, сол кезде жұмыспен қамту қызметі мен әлеуметтік төлем қызметі біріккен болатын. Әрине, басқармада жұмыс тіпті басқа болды. Негізгі жұмыс аудандық бөлімдерден мәлімет жинақтап, есептілікті дайындап еңбек министрлігі мен басқа да жоғарғы органдарға мәліметтер жіберу болды. Тағы да оқуға тура келді. Менің оқытушыларым өте жақсы адам­дар болды, олар жоғарғы топтағы әріптестерім еді, аудан бойынша бөлінген бюджет қара­жатын талдауды, жоспарлауды, бөлуді үйретті. Жауапкершілік арта бастады, жұмысты шұғыл, белгіленген уақытта бітіру керек  болатын. Жұмыс көлемі артты. Мен ойлай­мын, мемлекеттік қызмет барлық жерде бірдей: ауқымды жүктеме, бақылау тапсыр­масы, мерзімдер, есептер.

2016 жылы менің үлкен тәжірибелігімді ескеріп, жұмыспен қамту бөліміне бөлім басшысы етіп тағайындады.

Жұмыспен қамту қызметінде 22 жыл қалтқысыз қызмет жасадым. Жұмыс жасаған менің қызметімде «Жол картасы», «Жұмыспен қамту бағдарламасы», «Жұмыспен қамту жол картасы–2020» бағдарламаларын жүзеге асыру менің есімде сақталып қалды. Былтырғы жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын Үкімет қайта өңдеп ұсынған болатын, бұл жолда да менің қызметтестерім бір кісідей атсалысып жүзеге асыруға мүмкіндік жасады.

Білімімді, біліктілігімді жаңартуға Алматы аймақтық қайта дайындау курсы және мемлекеттік қызмет біліктілігін жоғарылату курстары көмектесті.

Игілігімдегі осындай тәжірибелерімді өзімнің жас қызметтестеріме жолдаймын.

Әрине, жастар мемлекеттік қызметке тек мансап үшін, жоғарғы еңбек ақы үшін ғана бармауларын, халыққа көмек көрсету мақса­тында барса деп тілеймін. Әр адам мемлекеттік қызметте қызмет жасайтындығын мақтан тұтуы қажет.

2013 жылы мемлекеттік бағдарламамен пәтер кілтін алдым. Осындай үздіксіз еңбегімді мақтан тұтам, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі менің еңбегім бірнеше рет  тиісті награда­ларымен марапатталды. Олардың ішінде маған жаныма ең жақыны Алматы қаласы әкімінің Алғыс хаты мен «Тәуелсіздіктің 20 жылды­ғына» берілген мерейлік төсбелгісі.

 

Сэсэг БИЛЬДАКОВА,

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жинақтық талдау бөлімінің бас маманы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *