ЕЛДІҢ БАС БАСЫЛЫМЫНА — 100 ЖЫЛ

Биыл «Егемен Қазақстан» газетінің жарық көргеніне тура бір ғасыр, яғни  100 жыл. Осыған орай Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Ұшқыннан» —«Егемен Қазақстанға» дейін» атты алқалы жиын болып өтті. Зерттеушілердің сөзінше, аталған басылымның алғашқы саны Орынбор қаласында 1919 жылы 17 желтоқсанда шыққан. Осы уақытта дейін газеттің атауы 8 рет өзгерген.

Әсел ДАҒЖАН

Алғашында «Еңбек туы» деп жарық көрген газет кейін «Еңбекшіл қазақ», «Ең­бекші қазақ», «Социалистік Қазақстан» сияқты атаулармен жарық көреді. Басы­лымның атауы тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы «Егемен Қазақстан» деп өзгертілді.

Бас басылымда мемлекет қайраткерлері басшылық қызметтер атқарып, газеттің тарихында өзіндік із, қолтаңба қалдырды. Мәселен, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Тұрар Рыс­құлов, Ораз Жандосов сияқты тұлғаларды атауға болады. Ал жаңа дәуірде Сапар Байжанов, Балғабек Қыдырбекұлы, Шер­хан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин сынды беделді тұлғалар болды.

Бүгінде басылым 200 мыңнан астам данамен елдің түкпір-түкпіріне таралады.

–       Таңғы сағат 8-де оқырмандар «Еге­менді» оқуға кезекке тұрады. Қараша айында 100 жылдыққа орай тағы бір іс-шара ұйымдастырмақшымыз. Кітапханада газеттің 1923 жылдан бергі сандары сақтал­ған. Сол жылдан бүгінгі күнге дейінгі санын біз толық цифрландырдық. Оған бір жыл уақыт кетті. Көбіне ескі жылдағы тари­хына қызығушылық жоғары, – деді ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітап­ханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Бақытжамал Оспанова.

Айта кетейік, Ұлттық кітапханаға бір күнде 1500-2000 жуық оқырман келеді. 42 мың тұрақты оқырман жазылған. Оларға 14 оқу залы қызмет көрсетеді. Сенбі, жексенбі күндері тіпті, зал оқырманға лық толып отырады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close