Елбасы жолы — ел дамуының жылнамасы — Қасым-Жомарт Тоқаев

Елбасы жолы — ел дамуының жылнамасы.  Бұл туралы Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нағыз ел бастайтын ерлер тарих сахнасына сын сағаттарда шығып, халқының тіршілігі үшін мемлекет тізгінін қолына алады. Бұл азаматтар тарихты жазатын ұлы тұлғалар. Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев дәл осылай егеменді елдің жылнамасын жазған адам. Бұл ақиқатты әлем мойындап отыр. Биыл Елбасының ел мүддесі үшін атқарған табанды қызметіне ширек ғасырдан аса уақыт өтті.

«Бұл — жай ғана дата емес, Қазақстанның даму жолын анықтаған кезең болды. Қазіргі заман дамуының қарқыны мүлде өзгеше. Бәсекеге толы заманда өмір сүріп келеміз. Бәрімізге Елбасының айқындап берген адал болу, ел игілігіне еңбек етуді басты мақсат деп түсіну қажет. Маңызды жиында Елбасының жылдар бойы қызмет еткен үзеңгілес достары отыр. Елбасы жолы — ел дамуының жылнамасы. ТМД шеңберінде Қазақстан    ең жоғарғы әлеуметтік-саяси көрсеткіштер бойынша алға шықты. Тарихты тұңғыш рет  шекараны біржола бекіттік. Тәуелсіздікті жаңа алған мемлекеттің алдында сын қатер көп болды. Экономиканың тұралауы, халықтың әл-ауқатының төмендеуі, саяси дағдарыс алғашқы сынақ еді», — деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр.

inform.kz

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *