ЕЛБАСЫ ШЕНЕУНІКТЕРГЕ БАҚ РЕДАКТОРЛАРЫНА ҚЫСЫМ КӨРСЕТУГЕ ТЫЙЫМ САЛДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Күн тәртібіне сәйкес партияның сайлауалды бағдарламасы мен съездерде қабылданған шешімдердің орындалу барысы, партия жұмысын жаңғырту және Саяси кеңес Бюросының құрамына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды. Елбасы ел дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін партияның қоғамды жұмылдыру үдерісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол сайлау заңнамасын реформалау нәтижелеріне тоқталып, қабылданған пропор¬ционалды жүйе озық әлемдік тәжірибеге сай келетінін және демократияны дамытуға септігін тигізетінін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партия¬сы саяси кеңесінің кеңейтілген отыры¬сында жала жабу үшін жауапкер¬шілікті арттырудың маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Бүгінде шындықты бұрмалайтын жаңа медианың саны өсуде, арналардың саны өсуде. Жәй әншейін қайдағы бір сауална¬маларды лақтырады да – шындыққа сай келе ме, жоқ па, біліп алыңдар дейді. Кейін партияның толық медиатобы, телевизия¬лық арнасы, газеттері аузын жауып отырады. Біздің орталық ақпараттық арналар да аузын ашпайды. Қорқамыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы өзі Президент кезінде партия¬ның жұмысын оң баяндау үшін ақша сұраған редакторларды жазалағанын есіне алды. «Келіп: «сен маған ақша төле, әйт¬песе, сен туралы жаман мақала жазамын» деп мәжбүрлейтін.Әкімдер осы үшін ақша төледі. Қазір телефонмен редакторларды қорқытады. Ал қазір егер сен бірдеңе жаз¬саң, біреу арқылы сені жұмыстан шығара¬мын деген пайда болды. Егер осындай жағдай тіркелсе, қандай лауазымда болса да, жұмыстан шығарамыз. Кім болса, ол болсын», — деді Н.Назарбаев. «Қалайша? Керісінше, қазір кез-келген кішкентай мәселе республикалық көлемде көтеріледі. Интернеттің көмегі тиюде. Бірақ ешкім жауап бермейді», — деп қосты ол.
Нұрсұлтан Назарбаев осыған байланыс¬ты жала жапқаны үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында заң қабылдау баста¬масын көтеру керектігін айтты: «Ешкім ешкімге бізде жасалып жүргендей, істі абсурдқа дейін жеткізу құқығын берген жоқ. Дәстүрлі БАҚ позициясынан айыры¬лып барады. Дәурен Абаев (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі — ред.) осы мәселе бойынша ойланып, нақты жұмыс жүргізуі керек.
Телефондық құқық жұмыс істемеуі керек. Шенеуніктер редакторларға қысым көр¬сетеді. Әр түрлі жолдармен сыни материал¬дардың жолын кеседі. Осыдан кейін қоғамдық санада балама шынайылық қалыптасады… Бәрі мемлекеттің қолында, партияда жақсы медиалар бар. Егер жұмыс істемесеңдер, олар сыйламайтын болады. «Nur Otan» өзінің ақпараттық стратегиясын түбегейлі қайта қарауы керек. Партиялық БАҚ шынайы әрі жедел ақпараттың көзіне айналып, адам¬дардың сенімін тудыруы керек» , — деді Тұңғыш Президент.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев халықпен нақты жұмыс істеу қағидатын енгізуді, қарқынды ақпараттық-идеология¬лық жұмысты ұйымдастыруды және партия төңірегіне жастарды біріктіру үшін шаралар қабылдауды ұсынды.
– Қазіргі таңда «жаңа» медиа саласында шындыққа жанаспайтын ақпарат таратушы арналар көбейіп келеді. Жергілікті, қара¬пайым мәселелер республикалық деңгейге дейін көтерілуде. Қоғамдық санада жалған түсінік қалыптасуда. «Nur Otan» өзінің ақпараттық стратегиясын түбегейлі қайта қарауы қажет. Партияның бұқаралық ақпарат құралдары объективті және жедел ақпарат көздеріне айналып, халықтың сеніміне ие болуға тиіс, – деді партия Төр¬ағасы. Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті ел алдында тұрған экономи¬калық проблемаларға тоқталып, тұрақты өсімді қамтамасыз ететін жаңа шаралар ұсынды. Атап айтқанда, Елбасы бизнес үшін салық ауыртпалығын төмендету арқылы экономикаға салықтық ынталан¬дыру тетіктерін енгізуді ұсынды.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *