ЕЛБАСЫНЫҢ ТУҒАН ЖЕРІНЕ САЯХАТ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ауғанстан Ислам Республикасы Жоғары білім министрлігі арасындағы Жоғары білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы 2017 жылғы 17 тамыздағы   меморандумға сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне биылғы оқу жылында ауғанстандық 25 тыңдаушы қабылданды. Ауғанстандық тыңдаушыларға білім мен тәрбие беретін жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары шетелдік тыңдаушыларды қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу мақсатында танымдық-саяхат сабақтарды жиі ұйымдастырады.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жуырда ауғанстан­дық тыңдаушылар ҚР Президенті Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кіндік қаны тамған туған жері — Алматы облысы, Қара­сай ауданы, Шамалған ауылында орна­ласқан Қазақстан Ресубликасының Тұң­ғыш Президенті — Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына саяхатқа барды. «Атамекен» тарихи-мәдени орта­лығы келушілерді тәуелсіз еліміздің тари­хымен таныстыру, жас ұрпақты отан­сүйгіштікке тәрбиелеу, Елбасы өмірін өнеге ету мақсатында ашылған.

Шетелдік қонақтарды орталықтың көрме залдарын таныстырушы оқушы жастар мен орталық қызметкерлері ашық-жарқын көңілмен қарсы алды. Орталықта Елбасының балалық шағынан бастап, қай­раткер болып қалыптасуына дейінгі кезең­дерден мәлімет беретін тарихи жәдігерлер төрт залға орналастырылған. Шетелдік тыңдаушылар қабырғаларына Елбасының «Еуразия жүрегінде» еңбегінен үзінділер жазылған бірінші залда Н.Назарбаевтың балалық шағы, оқушылық кезеңі, еңбек жолына араласа бастауы туралы, отба­сылық суреттер мен жеке құжаттарының көшірмелерімен танысты.

Қазақ елінің тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін, қабырғасына Ел Президентінің «Тарих толқынында» атты еңбегінен дәйек­сөздер жазылған, ал екінші залда тәуелсіз­діктің алғашқы жылдарындағы Елбасының ерекше маңызды саяси шешімдері мен «Невада-Семей» ядролық жарылыстарға қарсы халықаралық қозғалысы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы атқарған іс-шаралардың суреттерін тамашалады.

Шетелдік қонақтарға үшінші залдағы Қазақ елінің қоғамның сан түрлі саласын­дағы, әсіресе ғарышты игеру мен спорт саласындағы жетістіктері ерекше әсер қалдырды. Орталықтың маңызды, әр түрлі тақырыптарға «дөңгелек үстел», жиындар өткізуге арналған, заманауи талапқа сай жабдықталған төртінші зал қабырғаларына ілінген Қазақстан Президентінің алыс-жақын шет ел басшыларымен кездесуде түскен суреттерін және Елбасыға сыйлаған ерекше кәдесыйларды көрді.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры орталыққа тарту еткен, Мемлекет басшысы пайдаланған үкіметтік автокөлік жанында және орталықта естелік суреттерге түсті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­тетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде білім алушы ауғанстан­дық жастар Президенттіңөмірі мен қызме­тімен жете танысуға мүмкіндік жасаған «Ата­мекен» тарихи-мәдени орталығы қызметкерлері мен ұстаздарына ризашы­лық сезімдерін білдірді.

 

Нұрсұлу МӘТБЕК,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *