ЕЛБАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Конституциялық Кеңестің алқалы жиыны өтті. ОндаҚазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 107-бабының 8) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы мәселе қаралды.

Жиында сөз алған Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азаматтардың тұрғын үй құқықтарын іске асыру мәселесі мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты екендігіне тоқталып, мемлекеттік әлеуметтік саясат тұрғысынан заңнамалық базаны жетілдіру ерекше маңызға ие екенін атап көрсетті. Тұрғын үй құқығын іске асыру мәселесі халықтың әл-ауқатына тікелей байланысты екендігін айтты. «Менің тапсырмам бойынша бірнеше мемлекеттік бағдарлама іске асырылды. Бұрын баспана сатып алуға мүмкіндігі болмаған қазақстан­дықтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі қамтамасыз етілді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Ата Заңды құрметтеу және қатаң сақтау елдің сәтті дамуының кепілі екендігін және Конституцияның 25 жылдық мерейтойы қарсаңында бұл мәселенің өзектілігі артып отырғанын атап өтті.

Бұл басқосуды еліміздің конституциялық дамуы тарихындағы айтулы оқиға ретінде бағалаған Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәми «Қазақстан Республикасы Конституциясының 71-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Конституциялық Кеңестің ғұмыр бойы мүшесі» екенін атап өтті.

Іс-шара барысында Үкімет, Парламент Сенаты және Мәжілісі, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура өкілдері мен сарапшылардың пікірлері тыңдал­ды.Заңның аталған нормасы жетілмегені және азаматтардың консти­туциялық құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіруі мүмкін екендігі айтылды.

Жиынға қатысушылардың пікірлері мен жауаптарынан кейін Конституциялық Кеңес нормативтік қаулы қабылдады.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close