ЕЛБАСЫ БЕДЕЛІ – ЕЛ БЕРЕКЕСІ

1991 жылы 1 желтоқсанда елімізде  алғаш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Осы сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірауыздан елдің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Одан кейін небәрі 15 күн өткенде – 1991 жылғы 16 желтоқсанда қазақ  елі өзінің  Тәуелсіздігінін жариялады. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы арман-тілегі орындалды, осылайша ел тарихының жаңа дәуірі басталды. Яғни 1991 жылдың 1 желтоқсаны мемлекетіміз  өз тағдырын өзі айқындаған алғашқы қадам болды, осыған орай бұл күннің мемлекеттік мереке күні болып белгіленгені өте заңды.  

Биыл еліміз өзінің тәуелсіздігінің 28 жыл­дық мерейтойын атап өтеді. Осы аралықта Қазақ­станның Тұңғыш Прези­денті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың басшылы­ғымен еліміз биік белест­ерге көтерілді. Тәуелсіздік алғаннан кейін Моңғолия астанасы Улан-Баторға барған Қазақстанның Тұңғыш Президенті  Нұр­сұл­тан Әбішұлымен кездесуде  сонда тұратын қандас-тарымыздың арасынан суырылып шыққан бір қазақ қызының мына бір ақжарма үмітті сөзі жадымда жатталып қалыпты. Ол:

– Уа, Дариға-ай,

Жүректі шоқ қариды-ай,

«Алты Алашта қол бастар,

Абылайдай аға жоқ –

Жауды жасқап жол бастар,

Жәнібектей дара жоқ.

Азған елге Абайдай,

Ақыл айтар дана жоқ.

Өтеміз-ау өксумен

Басқаларға таба боп» –

деп аһ ұрып жүргенде,

Денеде дерт, сана серт

Келдіңіз бе өмірге,

Еліңізге пана боп,

Сол жобадан табылсақ,

Бізде арман, нала жоқ! – дегенде дүйім жұрт толқып, көзге жас алған едік.

Енді міне, бүгінде Н.Ә.Назарбаев бүкіл қазақ жұртының сан ғасырлар бойы тілегін жүзеге асырған, елін асқақ биіктен көрсеткен дара, дана тұлға ретінде дүние жүзіне танылып отыр. Нұрсұлтан Әбішұлы елімізді басқарған уақыт – тарихи оқиға­ларға толы кезең. Бұл кезең еліміздің еге­мен­дігін жариялаған Декла­рациясын, Тәуелсіздігін , Қазақстанның жеке мемле­кет екендігін көрсеткен Ата заңын, мемле­кеттік рәміздерін қабылдап, елімізді егемен мемлекет ретінде көптеген шет мемле­кеттердің таныған жасампаздық дәуірі болып отыр. Тәуелсіздік  алғалы бас-аяғы жиырма жеті жылдың ішінде Қазақстанды әлемнің барлық елі таныды. Мемлекетіміз Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап, көпте­ген беделді халықаралық ұйымға мүше болды. Қазақстан барлық елдермен достық қатынасын нығайтты, еліміздің экономи­касы, мәдениеті, саяси жүйесі нығайды, демократия мен заңдылық, құқық тәртібі жетілді. Ұлттық валютамыз – төл теңгеміз қолданысқа енді. Еліміздің шекарасы бекітіліп, көршілес мемлекеттермен бұл тұрғыдағы құжаттарға қол қойылып, мемлекетіміздің қауіпсіздігі нығайтылды.

Тәуелсіздік алған аз уақыттың ішінде еліміз­де, 1993 және 1995 жылдары, екі бірдей Конституция қабылданды. Еліміз Прези­денттік басқару жүйесіне өтті. Биліктің барлық сала­ла­ры Конституцияға сай қыз­мет атқаруда. Мемлекетіміздің құқықтық қатынастарын рет­тей­тін көптеген заңдар, кодекстер, заңна­малар қабылданып, мемле­кеттік құрылыстың өркен­деуіне сүбелі үлес қосылып, кең жол ашылды.

Елімізде халықтар достығы нығайды, дүние жүзіне үлгі болатын Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының өрке­ниетті қағидалары толық жүзеге асырылды.

Қазақ тілі мемлекеттік тілге айналды. Ғасыр­лар бойы шет жерде жүрген отандас­тарымыз, қандастарымыз өз ата-мекеніне орала бастады. Бұл әлі де жалғасуда. Қазақ­станда тұратын барлық ұлттардың тілінің, дінінің дамуына толық мүмкіндік жасалды. Қазақстан бірінші болып ядро­лық қарудан бас тартты, ядролық шикізат бейбіт өнім өндіру затына айналды. 1991 жылы 29 тамызда Тұң­ғыш Президент Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назар­баевтың Семей ядро­лық сынақ алаңын жабу туралы тарихи шешімі қабылданды. Бұл күнді БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2009 жылы желтоқ­санда Қазақстанның ұсынысы бойынша Ядро­лық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау  туралы шешім шығарды. Қазір бүкіл әлем Қазақстанды ядро­­лық қарудан бас тартқан тұңғыш мемлекет ретінде де таниды. Қазақстан аума­ғының орталығында елдің, жердің тұтастығын сақтау мақсатында жаңа Астана дүниеге келді.

Осындай жетістіктер мен табыстар Қазақстанды әлемге танытты. Республи­камыздың жедел өркендеу қарқынына дамыған елдердің қайраткерлері де оң бағасын беруде.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің еге­мен­дігін тұңғыш жариялап қана қоймай, ерлікті еңбекпен, даналықты әлемдік саясат­пен ұштас­тырды, елдің ел болып өркен жаюына, өрке­ниетті мемлекет дәре­жесіне танылуына білімі мен билігін, ойы мен парасатын, күш-қуаты мен жігерін жұмсап отырған дара да дана, әрі ұлы қайраткер. Ол Мемлекет басшысы ретінде елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт­тарын кемеңгерлікпен айқындап, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақ­стан­­ның атынан өкілдік жүргізу құқығын Қазақ­стан Республикасы Конституция­сына сай мүлтіксіз жүзеге асырып келді.

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың алдына қойған ең басты мақсаты да адам мен азамат құқықтары мен бостандық­тарын Кон­сти­туцияға сәйкес іске асыры­луын қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, бейбітшілікті, ел бірлі­гін сақтау, мемлекеттің экономикасын және саяси жүйесін дамыту, халықтар досты­ғын нығайту, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу екені баршаға аян. Тұңғыш  Президенттің тікелей Жарлы­ғымен «Қазақ­стан – 2030» стратегиялық даму жоспары бекітілді. Осы жоспарда мынандай жеті ұзақ мерзімді басымдылық айқындалған: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы; шет ел инвести­циялары мен ішкі жинақтардың деңгейі; жоғары ашық нарықтық экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсау­лығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурс­­тары, инфро­құрылым, әсіресе көлік және байланыс; кәсіби мемлекет. Осы басымдықтар елдің өркен­деуінің, дамуы­ның, халықтардың беделінің артуының негізіне айналды.

Қазақстан Республикасы  Тұңғыш  Прези­ден­тінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлы­ғымен «Қазақстан Республи­касының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» бекітілді. Бұл жоспар Қазақстанның өркен­деуінің, гүлденуі мен қауіпсіздігінің артуының, экономикалық биікке көтерілуінің, құқықтық мемлекет орнатуының алғышарты болды.

Қазақстан беделінің асқақ көрінісінің бірі – 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынты­мақтастық ұйымына төрағалық етуі. Ал 2011 жылы Отанымыз  халқының саны 1,5 млрд. адамды құрайтын 57 мемлекетті бірік­тірген Ислам Конференция ұйымына төраға­лық етті. 2012 жылы 14 желтоқсанда «Қазақ­стан–2050 стратегиясы – қалыптасқан мемле­кеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында Елбасы  XXІ ғасырдың ортасына қарай Қазақ­станның  әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі қажеттілігін паш етті.

2012 жылы 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросының №152 Бас Ассам­блея­­сында өткізілген құпия дауыс беру нәтиже­сінде 163 мемлекет арасынан 103 дауысты иеленген Қазақстан 2017 жылы кезекті халық­аралық ЭКСПО көрмесін Аста­нада өткізу құқығына ие болды. Өткі­зілген осы көрмеге жүзден астам мемле­кеттерден 8 миллионнан астам туристер келді. ЭКСПО–2017 көрмесі Қазақстанның жетістіктерін әлемге тағы да танытты. Бұл халықаралық көрменің дайын­­дық барысын Қазақстан Республи­ка­сының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назар­баевтың өзі тікелей қадағалап отырды. Күні кеше «Nur Otan» партиясының XV съезінде елімізді одан әрі дамыту, өркендету жолын көрсеткен Доктринаның  қабылдануы да  біздер, қазақстандықтар үшін зор мақтаныш.

Елбасы  беделі – ел  берекесі. Барды баға­лай білу елін, мемлекетін сүйген әрбір азамат­тың қасиетті борышы. Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев өз биігіне қажырлы еңбекпен, ақыл-парасатымен, адамгершілі­гімен, ұлтжан­ды­лы­ғымен, өз жерін, елін жан-тәнімен сүйген­дігімен сатылап жеткен ұлы қайраткер. 2012 жылы Қазақ­станның БҰҰ-ның Адам құқық­тары жөнін­дегі кеңе­сінің мүшесі болып сайла­нуы Ел­басының биік беделінің тағы бір көрінісі болды.

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан эволю­­циялық жолмен, бейбіт дамудың нәтиже­­сінде саясатта, экономикада, халық­аралық қатынас­тарда Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назар­баев­тың басшылығымен биік белестерге көте­рілді. «Тәуелсіздік – ел тілегі, ал Елбасы – ел тірегі» екенін өмірдің өзі дәлелдеді.

Қазақстанның біртұтастығын, демо­кратия­лық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемле­кет екендігін, адам құқықтары мен бостан­дық­тарының үстемдігін паш еткен Қазақстан­ның Тұңғыш Президенті – Елба­сы күнін тойлау өте орынды, қуаныш­ты оқиға. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанда Пре­зи­дент біреу, ал ел халқы оған әр уақытта тіреу. Олай болса, мереке құтты болсын! Еліміз өркендеп, дами берсін!

 

Арықбай АҒЫБАЕВ,

заң ғылымының докторы,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университетінің профессоры

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *