ЕЛБАСЫ БАСТАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ КЕРЕК

Астана аймақтармен онлайн кеңес өткізді

Республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен Астанада өткен отырысқа «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық кеңсесінен қосылды. Республикалық кеңес басқосуы Мемлекет басшысының Жолдауына, Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының орындалуына арналды.

Нұрлан СҮЙІН

«Нұр Отан» партиясының Алматы филиалындағы жиынға Алматы қала­сы әкімінің орынбасары Алмас Мә­диев, қалалық «Нұр Отан» пар­тиясы филиалы төрағасының бірінші орын­басары Станислав Канкуров, қалалық мәслихат депутаттары, қо­ғам­дық ұйымдар мүшелері қатысты. Алма­тылықтар Астанадағы кеңес отыры­сына онлайн режимде араласты. Жал­пы, кеңеске онлайн режимде Қа­зақ­станның барлық облыстары қатыс­ты.

Отырысқа төрағалық еткен Б.Жұ­ма­ғұлов күн тәртібін айқындап, баяндама жасаушыларға сөз берді.

Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ «Президенттің төртінші әлеуметтік бастамасының жүзеге асуы – шағын несие беруді кеңейту» бойынша ҚР Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасы­мова баяндама жасады.

Екінші баяндаманы ҚР Ұлттық эко­номика министрі Тимур Сүлей­менов жасады.

Келесі баяндаманы өз саласы, яғни ауылшаруашылық секторын несиелеу жайында ҚР Ауыл шаруашылық вице-министрі Берік Бейсенғалиев дайын­дапты.

Күн тәртібіндегі сұрақты талқы­лауға «Атамекен» ҰКП төрағасы А.Мырзахметов, Қоғамдық кеңестің «Елбасы бастамасының екінші, төр­тінші бағыттары» бойынша үйлестіру­шілер, т.б. қатысты. Отырыс төрағасы аймақтармен де байланысқа шығып, «7-20-25» бағдарламасының орында­луы жайында сөйлесті.

Республика бойынша «7-20-25» әлеуметтік бағдарламаның іске асуы бойынша Астана, Алматы мегапо­лис­тері кестенің басында екен. Бағдарлама бойынша Алматыда 634 өтініш мақұл­даныпты.

Кеңес төрағасы Б.Жұмағұлов оты­рыс соңында қатысушыларға, аймақ­тарға алғыс білдіріп, жиынды қоры­тындылады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *