«Ел тірегі – Елорда!» мүшәйрасы өтті

Жыл сайын Астана күні қар­саңында Астана қалалық Мәдениет және спорт басқармасының қол­дауы­мен Сәкен Сейфуллин музейі дәстүрлі респуб­ликалық ақындар мүшәйрасын  өткізіп келеді. Биыл сегізінші рет өтіп отырған шараның елорда өне­рінде алар орны үлкен. Еліміздің барлық өңіріндегі айтулы ақындар­дың басын қосып, жас таланттарды елге танытқан бұл мүшәйра бас шаһардың жыр шежіресіне айнал­ды.

«Ел тірегі – Елорда!» деген айдармен Астананың 20 жылдық тойына арналған биылғы мүшәйра да өз мәресіне жетті. Биылғы аламан жыр бәйгесіне респуб­ликамыздың түкпір-түкпірінен жүзге жуық үлкенді-кішілі ақындар қатысты.

Бәйгеге түскен жырларды зер­делеген Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көр­некті жазушы Қажы­ғали Мұханбетқалиұлы төрағалық еткен қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдеге көрнекті ақын, Халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, С.Есенин атындағы халық­аралық сый­лықтың лауреаты   Қазы­бек Исаның «Ерте­гідей Елорда» өлеңі лайық деп танылды.

Бірінші орын талантты ақын қызымыз, жазушы,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның «Сәлем саған, Астана!» өлеңіне берілді. Екінші орынның бірін әйгілі айтыс ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы Аманжол Әлтай «Жиырма жасқа жиырма шумақ» жырымен, екіншісін ақтаңгер ақын, Қазақ­станның еңбек сіңірген қай­раткері Дәулет­керей Кәпұлы «Ай дидарлы Астанам» өлеңімен қан­жығасына байлады.

Үшінші үш орынды жас ақындар — Мұқият Қойшыбайұлы «Астана», Біржан Ахмер «Алтын кеме», Нұрбол Мұратбек «Көзімнің қарашығы» өлеңдерімен бөлісті.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *