Ел ретінде жүріп өткен көпғасырлық тарихымыз бар

Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
«Egemen Qazaqstan» газетіне жақын да берген сұхбатында «Əлемде түрлі үрдістер қалыптасуда. Негізгі қауіп-қатер алда. Қиындықтарды еңсеруге əрқашанда дайын болуымыз керек», деген ойды білдірді. Мемлекет басшысы тарапынан айтылған бұл пікірдің халқымыздың тарихи танымына да қатысы бар. Тарихи сындарға тарихи жады, салт-дəстүрі, тілі мен ділі іргелі ұлттар ғана жауап бере алады. Бұл адамзаттың сан ғасырлық тəжірибесі көрсеткен ақиқат. Біз адамзат қауымдастығының өгей перзенті емеспіз. Ел ретінде жүріп өткен көпғасырлық тарихымыз бар. Тағдыр сынына түспейтін халық болмайды. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама сияқты сындардың біразын біздің жұртымыз да басынан өткерді. 1917 жылғы төңкеріспен ере келіп, халқымыздың жартысына жуығын жалмаған аштық, екі бірдей ұлттық
басқарушы зиялылар буынынан айырған репрессия, ұлттық санамызды ойсыратқан идеологиялық агрессия… Қиянатты көп көрген халықтар мартирологы жасалар болса, қазақ елі осы тізімінің алдыңғы қатарында болар хақ.
…Биыл 1929-1931 жылдары аралығында болып өткен халық көтерілістеріне – 90 жыл. Бұл тақырыпқа байланысты соңғы зерттеулер нені көрсетті?
Мəселені түсіндіру ісінде кеңестік кезең де орныққан көзқарас жалғыз тура
ұстаным болудан қалды. Біріншіден,
көтерілістердің кеңестік билікке қарсы
бағытталғаны нақтыланды. Көтерілісшілер «Кеңес өкіметі жойылсын!» деген талап қойды. Бұл талапты Өзбекстан, Қырғызстандағы көтеріліске шыққан халық та ұстанды. Екіншіден, көтеріліске өз еркімен шыққандардың арасында
у ұйымдастыруымен болды деген
тұжырымдардың негізсіз, шындықты
бұрмалаушылық тұрғы дан айтылғаны
анықталды. Төртіншіден, 1929-1931
жылдар аралығын дағы көтерілістер тек қазақ жерінде ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдерінде болып өтті. Олардың шығу себебі жалпы табиғаты ортақ екені дəлелденді. Ал 1993 жылдың 14 сəуірде шыққан «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбан дарын ақтау туралы» заң көтерілісшілерді толық ақтай алмады. Ел Тəуелсіздігін алып, арада жүз жылға жуық уақыт өтсе де, көтерілісшілерді ақтай алмай отыр ғанымыз қынжылтады. Заң бойынша бұл құжаттар отыз жылдан кейін құпиялығын жоюы тиіс.

Фото: adyrna.kz

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close