ЕЛ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРДІ

Жақында ғана «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан қолдау тауып қабылданды.

Жетісу ауданындағы №102 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері Заң жобаларымен педагогтерді таныстыру, өз ойларын ортаға салу мақсатында мектеп мұғалімдері қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Заңның әрбір бабы толық қарастырылып, түсінік берілді.

Әзірленген заң жобасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың орта білім беру жүйесін дамыту және білім сапасын арттыру жөніндегі алға қойған міндеттеріне жауап беретіні мұғалімдерді шынайы қуантты. Себебі, осы Заң жоба­сының негізгі идеясы – мұғалімдердің жүктемесін азайту, оларды өздеріне тән емес жұмыстарды орындаудан босату, олардың өзін-өзі дамытуға және шығармашылықпен шұғылдануларына мүмкіндік беруі ұстаздар қауымының оқушылардың таным-тәрбиесіне, білім сапасына аса мән беруіне жағдай жасайтыны талқыланды.

ҚР Үкіметі басшысының айтуынша, жалпы заң жобасын іске асыру мұғалім мамандығының мәртебесін арттыруға, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға, педагогтар үшін әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жасауға жол ашады.

Тұрғын үй, медициналық сақтандыру, зейнет жасы, мұғалімдердің жүктемесін жеңілдету, мұғалім мен ата-ананың міндеті, құқығы тұрғысындағы, мектеп мұғалімі міндеті, еңбек ақысы және де біліктілікті тексеруге арналған тестке байланысты  пікірлер талқыланып,  өзекті мәселелер айтылды.

Педагог – мемлекетіміздің кез-келген азаматының өмір жолына жолдама беретін тұлға. Сондықтан бұл заңның саяси, әлеу­меттік мәні үлкен,  қоғамның өсуіне септігін тигізері анық. Біз №102 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қолдай­мыз, барлық күш-жігерімізбен салып жұмыс істейміз.

 

Г.ӘУЕЛБЕКОВА,

математика пәнінің мұғалімі.

Г.ДОСЖАН,

әлеуметтік педагог және тарих пәнінің мұғалімі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *