Ел де, Елбасы да аман болғай!

Рахман АЛШАНОВ, «Тұран» университетінің ректоры, Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы:

   – Әлемді дүрліктірген коронавирус пандемиясы біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты да айналып өтпеді. Біз оның әрдайым салауатты өмір салтын берік ұстанатын, дені сау, физикалық тұрғыда мықты азамат екенін жақсы білеміз. Елбасыда қиындыққа қарсы тұратын табандылық пен заман сынына төтеп беретін қажырлы қайрат бар. Осындай ерекше қасиеттері оның бұл ауруды тез жеңуіне көмектеседі деп ойлаймыз. Біз ұлты үшін ұлы тұлға, елі үшін елеулі ер атанған қайраткердің жуық арада қызметіне қайта кірісіп, қатарға қосылатынына кәміл сенеміз.

Тұңғыш Президентіміздің тезірек сауығып кетуін тілейміз және алда келе жатқан 80 жылдық мерейтойын мықты денсаулық һәм сергек көңілмен қарсы алады деп үміттенеміз. Ел де, Елбасы да аман болғай!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *