Ел болашағы үшін дауыс берді

Н.Байсақал
«Ақсай-1» ықшам ауданындағы №133 орта мектепте орналасқан №182 сайлау учаскесінде сайлаушылардың дауыс беруіне, әсіресе, мүгедектер мен зағип жандарға қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Сайлаушыларды жылы шыраймен қарсы алып, мекен-жайлары бойынша бағыт-бағдар беруде. Біз келген уақытта сағат тілі күндізгі үшті көрсетіп тұрды. Осы уақытқа дейін сайлаушылардың тең жарымы дауыс беріп, өз таңдауларын жасап үлгеріпті. Сайлаушылардың бұл сайлауға белсенді әрі ұйымшылдықпен келіп жатқандары байқалады.
Кіммен тілдессеңіз де, бұл сайлаудың елдің болашағы үшін маңызы зор саяси науқан екенін айтады. Осы сайлау учаскесіне келіп дауыс берген «Каспий» университетінің 4-курс студенті Айша Қасымжан бұл сайлауға өзінің бақытты болашағы үшін дауыс беруге келгенін қуана жеткізді.
Бақылаушылар тобының мүшесі «Аманат» сайлауға мониторинг жүргізу платформасының өкілі Гүлнар Жиренбаева сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың белсенділігіне оң бағасын берді. Әсіресе, таяғына сүйенген қарт әкелеріміз бен аналарымыздың, сондай-ақ жастардың белсенділігін айырықша атап өтті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *