ЕЛ БІРЛІГІНЕ ЕНЖАР ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

Сәбит ОРАЗБАЙ,
Қазақстанның халық әртісі,
Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты:

Өткір жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінен қайтыс болған Дулат Ағаділдің өліміне қатысты мәселе соңғы кезде қоғамда қызу талқыланып жатыр. Белсендінің өлімі қоғамда ауқымды резонанс тудырды. Бұл өте қайғылы жағдай. Марқұмның тергеу изоляторында жоғарыдағыдай себеппен қайтыс болғаны жайлы ресми мәлімдемеге сенбейтіндер бар екен. Олардың қатары, қарасы тіпті аз емес сияқты. Оны естіп, оқып отырмыз. Әсіресе, оның денесін жуып жатқандағы түсірілген бейненің желі де кеңінен тарауы күдікті ұлғайта түскендей.
Менің айтпағым әркімнің өзінше тон пішкені дұрыс емес. Біз Президент басқарған мемлекетпіз. Мемлекет басшысы Дулат Ағаділдің туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты. Осы қайғылы, даулы жағдайға байланысты өз сөзінде: «Қоғамдық үлкен резонансқа байланысты бұл іспен тыңғылықты танысып шықтым.Өкінішке орай, белсенді Ақәділ жүрек жетіспеушілігі салдарынан қаза тапқандығын нық сеніммен қуаттай аламын. Кері сендіруге тырысу – демек, шындыққа қарсы шығу. Қаза тапқан азамат кім болса да, қандай көзқарасты ұстанса да, ол ең алдымен адам. Адам өмірі бірегей әрі баға жетпейді. Бәріміз де Алла Тағаланың жазымышына мойынсұнамыз. Иманды болсын!» – деп сенімді түрде айтып түсіндірді. Олай болса, аталы сөзге неге тоқтамасқа.
Ел бірілігіне, татулығына енжар қарауға болмайды…

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *