ЕЛ БАСЫНА КҮН ТУСА…

Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ, Қазақстанның халық әртісі, композитор

Қазақстан Президентінің елімізде коронавирустың алдын алу мақсатында Төтенше жағдай жариялауы сақтанудың бірден-бір оңтайлы жолы. Жарлықта аты жаман індеттен сақтанудың, алдын алудың, қорғанудың барлық жолдары атап айтылған. Біздің міндетіміз сол белгіленген маңызды шараларды орындау.

Қазақ талай қиындықты, індеттің неше түрін басынан өткізді. Төзімділігінің, шыдамдылығының және сабырлылығының арқасында солардың бәрін жеңіп, аман қалды. Қашанда сабырлылық қажет. Босқа даурығудың түк те қажеті жоқ. Дүкендерден азық-түлікті жөн-жозықсыз топырлатып ала беруге де болмайды. Елімізде кемі жарты жылға жететін азық-түлк қоры барын тиісті, жауапты министрлік өкілдері айтып жатыр.

Қазір, міне, көктем келді. Жер-дүние жадырай бастады. Оның арғы жағы жаз. Амандық болса тіршілік басталады. Сондықтан уайымға салынудың реті жоқ.

Әртістердің, жасыратыны жоқ, табыс көзі – той-томалақ екені айтпаса да белгілі ғой. Бұйырған нәпақасын сол жерден табады. Мен өз әріптестеріме той думан мен шоу думанды тоқтата тұрайық, елмен бірге Мемлекет басшысы қабылдаған маңызды құжатты орындауға атсалысайық деп инстраграм арқылы жазып жібергенмін. Қазір оңтүстік өңірде – Түркістан облысында жүрмін. Бұл жақта да сақтық шаралары өте пәрменді жүргізілуде. Даурығу, дүрбелең деген жоқ.

Қазақ халқында «Ер басына күн туса, етігімен су кешер, ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер» деген тамаша ғибратты тәмсіл бар. Біз сол ұлттың ұрпағымыз. Бұл індетті даурығып жеңе алмаймыз, сол себепті тазалық, сабырлылық, төзімділік сақтауымыз қажет.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *