Екпе – балалардың қорғаны

 Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы мен Алматы қаласының қоғамдық Денсаулық сақтау департаментінің  «Сізді және сіздің айналаңыздағы адамдарды ауыр түрде өтетін аурулардан қорғау үшін вакциналар әрекет етуде!»  ұранымен  24-29 сәуір аралығында Еуропалық иммундау апталығын өткізуге байланысты  Жетісу ауда­нына қарасты «Құлагер» бастапқы медико-санитарлық орталығында екпеден бас тартатын ата-аналар және жас аналар мен Жетісу аудан­дық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Раушан Оразғалиқызы Ахметованың қатыс­уы­мен «Дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» барысында осы орталықтың жалпы тәжірибелік  дәрігері Рыскүл Қадырғалиева аналарға екпенің баланың өмірі мен денсаулығы үшін маңыздылығын айтып, түсіндірді.

Осы орталықтың директоры Ұ.Омарова, бөлім меңгерушісі Ш.Тоқтабаева, Жетісу аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Р.Ахметова аналарға қазіргі кездегі екпеге қарсы пікірлер мен кері ақпараттарға құлақ аспау керектігін, екпенің көмегімен өте қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алуға болатындығын айта келіп, екпе егудің нәтижесінде екпе егу басталғанға дейінгі уақытпен салыстырғанда 137 есеге азайып, дифтерия, полиомиелит секілді жұқпалардың азайғаны туралы мәліметтерге жан-жақты тоқталды. Ұлмекен Омарова  қазіргі кезде Алматы қаласы бойынша  9132 баланың ата-анасы екпеден бас тартқанына алаңдаушылығын білдірді.  Екпеден қашып, ауруын барынша жасырған ата-аналар балаларының басын өлімге тігіп отырғаны өкінішті. Мамандардың айтуынша, Алматы қаласында діни ұстанымына қарай екпеден бас тартушылар саны айтарлықтай артып, жыл сайын жүз сәбимен толығып отырады екен. Дәрігерлер бүгіннің өзінде дүние есігін ашқаннан бері түрлі жұқпалы аурудан екпе алмаған мыңнан астам сәби тіркелгенін айтып, дабыл қағуда. Түрлі себептермен екпе алмайтын балалар «ертеңгі күні бір сырқаттың жаппай тарауына себеп болуы мүмкін» дей келіп, орталық басшысы аналарды екпеден бас тартпауға үндеді.

Елімізде қазір дүние есігін ашқалы бірде-бір қауіпті жұқпалы дертке қарсы екпе алмаған сәбилер балабақшаға, мектепке барып жүр. Ал дәрігерлер мұндай балалар болашақта қоғам үшін қауіпті дегенді айтады. Сондықтан, дәрігерлер «енді мемлекет тарапынан мұндай ата-аналарға нормативті-құқықтық  шектеулер қою керек»  деген пікірлерін ортаға салды.

 

Біле жүріңіз!

 

Егу, вакцинация дегеніміз – ол адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс.

Жұқпалы ауруларға қарсы егудің бірнеше түрі бар:

Міндетті егу – балаларға (туберкулезге, қызылшаға, күл (дифтерияға), сіреспеге, көкжөтелге, гепатитке және т.б. ауруларға қарсы), нәрестелі бола алатын әйелдер мен қыздарда қызамыққа қарсы;

Жоспарлы-кәсіби егу – мал шаруашылығымен айналысатын немесе олардың өнімін өңдейтін адамдарда күйдіргіге қарсы;

Эпидемиялық көрсеткіш бойынша егу – нақты аймақтағы тұрғындар арасында індет қаупі төнген кезде жүргізіледі. Егу көбіне инфекциялық тәсілмен (тері астына, бұлшық етке) атқарылады.

 

К.МАЙОРОВА,

«Құлагер» БМСККО-ның бас медбикесі.

А.ДҮЙСЕБЕКОВА,

 жалпы  тәжірибелік  медбике.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *