ЕКІ ЖЫЛДЫҚ ЕЛЕС

Қала әкімінің назарына

Әнуарбек ӘУЕЛБЕК

«Алатау ауданындағы «Шаңырақ-1» ықшамауданының көшелеріне ауызсу мен кәріз жүйелерін жүргізу қызметін тендер бойынша жеңіп алған Пірімбет Құралдың жетекшілігіндегі «МАД» ЖШС-нің мұндағы құрылыс жұмыстарын бастап кеткеніне бір аптадай уақыт болды. Тұрғындардың жүріп-тұруына қолайсыздықтар мен қауіпті жағдайлар тудырмас үшін көше бойын қаза салысымен, құбырларды салып, артынша қайта жауып кетіп жүрген жұмысшы қауымға ел де риза болып жатыр.
…Жалпы, бұл компания бойынша мұнда қатарынан 4 бригада қызу жұмысқа кіріскен. Екі бригада ауызсу жүргізіп, екі бригада жұмыс-шылары кәріз жұмыстарын тартып келеді. 5 трактор-эксковатор, 2 манипулятор, 2 жүк көлігі бар».
Бұл осыдан тура 2 жылдай бұрын «Алматы ақшамы» газетінде жарияланған ақжолтай ақпарат болатын (15.08.2017). Өкінішке қарай, бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Кәріз бен жаңа су құбырының іске қосылуы екі жылдан бері елеске айналып отыр. Екеуі де әлі іске қосылған жоқ! Шаңырақтықтар кәріз қызметін пайдалана алмай жүрген соң, осы күнге дейін «сусорғыш» көлік (ассенизатор) шақырып амалдап келеді.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев шаһардың шет аймақтарын дамытуды қолға алып жатқан тұста осындай түйткілді мәселелер ұмыт қалмаса екен дейміз.

Жер астында қалған құбырлар жанашырын күтіп жатыр. Кәріз бен ауызсу қашан іске қосылады?

Ықшамаудан тұрғындары бұл мәселені тиісті орындар алдында талай рет көтеріп келеді. Осыдан бір айдай бұрын 30-дай тұрғынның қолы қойылған шағым хат та жауапты орындарға жеткізілгенінен хабарымыз бар. «Көбі кетіп, азы қалған» тірліктің аяғы сиырқұйымшақтанып, жер астында жасырынып жатыр…

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *