Екі жақты меморандумға қол қойды

Нұржамал  ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

 

Кез-келген жағдайда тұрғын­дарға шұғыл медициналық көмек көрсетуге байланысты жуырда Алматы қаласы әкімінің орын­басары М.Дәрібаевтың қатысуы­мен жиын өтті. Оған Алматы қаласы Денсаулық сақтау бас­қар­­масының, қалалық қоғамдық Ден­саулық сақтау департа­ментінің және Алматы облысы­ның Денсаулық сақтау басқар­масының өкілдері қатысты. Жиын барысында Алматы қаласы мен Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері   халыққа  санитарлық-эпиде­мио­логиялық  жағдайлар кезінде    медициналық  қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және шұғылжағ дайларда  көрсетілетін көмек түрлерін талқылады.

Жиында баяндама жасаған қалалық Денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы Серікбол Мусинов  тек осы жылдың бес айын­да Алматы қаласының ден­саулық сақтау мекемелері  арқы­лы Алматы облысының  қалаға жақын Талғар, Іле,  Қарасай және басқа да аудандарының 25 мың тұрғыны  шұғыл дәрігерлік көмек  алғанын атап өтті. Тіпті,  жүкті әйелдер босанатын күнге дейін ешбір емдеу мекемелеріне тіркеуге тұрмастан, босанатын кезде жедел жәрдем арқылы қала перзентхана­ларына  түседі. Олар аман-есен босанса, әрине қуанышты, бірақ кей жағдайларда ана мен бала өлімі орын алып жатса,  Алма­тыдағы перзентханада босанған­дықтан, Алматының денсаулық көрсеткіштеріне кері әсерін тигізіп жатады.   Оның үстіне қазіргі кезде барлық жағдай қаржыға келіп тірелетіндіктен, Алматы қаласы мен Алматы облысының емдеу мекемелері өз жұмыстарын үйлестіре отырып, жүргізгендері дұрыс деген ұсынысын айтқан Серікбол  Мусинов  ай сайын әрбір науқасқа көрсетілген дәрі­герлік көмектер бойынша талдау жасап, алдағы уақытта  шұғыл және жоспарлы түрде емделу бойынша көрсетілуге тиісті көмек түрлерін  анықтай отырып, қала мен облыстың емдеу мекеме­лерінің өзара тығыз байланыс орнату  қажеттілігін айтты. Облыс тұрғындары көбіне кардиология­лық, неврологиялық, эндокри­нологиялық, офтальмологиялық аурулар бойынша қала дәрігерле­рінің көмегіне көп жүгінеді екен. Демек, облыстың емдеу мекеме­лерінде осы салалар бойынша мамандардың жетіспейтіндігін білуге болады.  Жиында айтылған мәселелерді қорытындылай келе қала әкімінің орынбасары екі жақты меморандум жасау жөнін­де ұсыныс білдіріп, Алматы қала­сы мен Алматы облысы Денсау­лық сақтау басқармалары    ағым­да­ғы жылдың соңына дейін шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсету жөнінде екі жақты мемо­рандумға қол қойды. Қала әкімінің орынбасары М.Дәрібаев  мұндай келісімнің қазіргі кездегі менингококк жұқпасы өршіп тұрған кезде өте маңызды қадам екендігін атап өтті. Дәрігерлер науқасты қала, облыс деп бөле қой­мас, дегенмен  бес саусақ бірдей емес,   кейде   «облыстың адамын қабылдамаймыз» деп, қала­ның бір шетінен екінші шетіне ауруды тасымалдауға тура келіп жататыны бар. Мына өзара келі­сім енді ондай  жайсыз жағдай­ларға жол бере қоймас деген сенім­деміз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *