Екі көрші келіспей қалды

Оқушылар сарайындағы № 377 сайлау учаскесінде дауыс беру өте қызу өтуде. Дәл осы учаскеге қарайтын тұрғындар таңертеңнен бері дауыс беруге белсенді келіп жатты. Тіпті, таңертеңнен түске дейін бұл участокта 37 бақылаушы болған.
-Олардың арасында Қырғызстаннан 5 адам, Түркиядан 5 бақылаушы, «Абай жолы» қоғамдық қорынан түске дейін бір адам, түстен кейін тағы бір бақылаушы келіп кетті. Біздің учаскеде дауыс беру өте қарқынды өтіп жатыр. Дауыс беруші мен бақылаушының арасында аздап түсініспеушілік болып қалды. Бақылаушы үш сағат бойы дауыс беру барысын камераға түсірген болатын. Бір адам бақылаушының құжатын сұрап, өзін камераға түсірмеуін ескертіп, сөз таластырып қалды. Соңында әлгі бақылаушы мен дауыс берушінің бір үйде, бір кіреберісте тұратыны белгілі болды. Оны біз әдейі тексермедік. Бес-алты адам келіп-кеткен соң, әлгі бақылаушы дауыс беруге кірді. Тізімнен біздің учаскеміз болған соң, тіркеп отырып, сөзге келіп қалған дауыс беруші екеуінің мекен-жайы бірдей екенін көрдік. Сондықтан бұл жай ғана арандатушылық секілді, — деді, №377 сайлау учаскесінің төрайымы Гүлжан Рахманбекова.
Бақылаушы мен дауыс берушінің арасындағы осындай келіспеушіліктің болғаны болмаса, бұл учаскеде заңбұзушылықтар орын алған жоқ. Қайта, бұл учаске тұрғындары сайлауға өте белсенді қатысып жатыр.
Әсел ДАҒЖАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *