Екі есе қуат тілеймін!

Төрегелді ШАРМАНОВ, Тағамтану академиясының директоры, ҚР ҰҒА академигі, Алматы қаласының Құрметті азаматы:

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаныңызды естіп, денсаулығыңызға алаңдап қалғанымыз рас. Елдің қамымен халықтың ортасында жүріп, осы қауіпті індет шыққалы тыным тапқан жоқсыз.  COVID жұқтырудың қауіпті екенін білеміз. Бірақ біз сіздің оны жеңіп шығатын рухыңыз бен күш-қайратыңыздың мықтылығына сенеміз. Бәріміз сіздің спортпен айналысып, үнемі сергек жүретініңізді әрі физикалық мықты екеніңізді де білеміз.Бұған дейін сіз халықты бұдан қиын жағдайлардан алып шықтыңыз.

Елдің экономикасына, ішкі және сыртқы саясатына, халықтың әлеуметтік жағдайына қатысты мәселелердің бәрін бәрін оң шеше алған қабілетіңіз бен лидерлік қасиетіңізге осы жолы да мен бүкіл халықтың өкілі ретінде сенім білдіремін!
Сіздің тезірек жазылып кетуіңізге менімен қатар бүкіл халық тілекші! Бәріміздің ниетіміз бір арнада. Сізді бұрыннан танитындығымды және өзіңізді Елбасы ретінде ерекше құрметпен сыйлайтындығымды білесіз. Сізге осы инфекцияны жеңіп шығатын күш-қайрат, екі есе қуат тілеймін!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *