ЕГЕР ӘДІЛЕТТІЛІК ИДЕОЛОГИЯ БОЛАТЫН БОЛСА

Шыңғыс МҰҚАН,

«Мазмұндама» қоғамдық қорының жетекшісі:

– Жалпы, бізде идеология деген қандай түсінікте қалыптасқан? Бұл көбінесе таңылған түрлі идеяларды халықтың ішіне егу. Сол арқылы халықты басқару деген сөз. Менің ойымша, идеологияның жалпы түбірі жалаң сөз емес.  Бірақ біздің басты идеямыз адамзаттық құндылықтармен ұштасуы керек. Сол идеяларды, адамзаттық құндылықтарды ішкі және сыртқы саясатта, тәрбиеде, білімде, ұжымдық және қоғамдық қарым-қатынаста ұстануымыз керек. Ең басты идеология осы болуы қажет. Мәселен, әділдік һәм әділеттілік мәселесі. Егер әділеттілік идеология болатын болса, онда халық пен билік, ерлі-зайыптылар, жұмысшы мен бастық арасындағы әділеттілік адами қарым-қатынас негізінде құрылуы керек. Айталық, жақында сайлау науқаны өтті. Қаншалықты әділетті немесе әділетсіз болғанына баға бере алмаймын, бірақ келіп түскен ақпараттарға қарағанда, әділетсіздіктер де орын алмай қалған жоқ. Егер сол әділеттілік мәселесі идеология деңгейіне жетсе, басты идея болса, сол құндылық халықтың жүріс-тұрысына, өзін ұстауына да әсер етер еді. Бұрын әжеміз құлағымызға «Біреудің ала жібін аттама» дегенді құятын. Сол сияқты, осындай құндылықтар әр балаға кішкентайынан айтылса, ешқашан ұмытпайды, санасынан өшірмейді. Бір өкініштісі, бізде мұндай құндылықтар идеология, саясат деңгейіне жеткен жоқ…

 

 («Түркістан», 4.07.2019.).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *