ЕГЕМЕНДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ

Бауыржан НҰРАХМЕТОВ, Алматы технологиялық университетінің бірінші проректоры, профессор:

— Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев «Қазақ­стан—2050» Стратегиясында бүкіл­қазақстандық бірегейлікті хал­қы­мыздың тарихи санасының өзегіне айналдыруды жаңа пат­рио­тизмнің алғышарты ретін­де айрықша атап өтіп, «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптас­тыру  жұмысын жалғастыруымыз ке­рек» деген болатын. Елбасы «Ұлы дала­ның жеті қыры» атты мақа­ласы – сол ауқымды жұмыстың логика­лық жалғасы әрі оған серпіліс беретін тарихи құжат. «Тарихсыз ел болмайды» демек­ші, тарихты жете білмесек, бола­шақты айқын құра алмайты­нымыз анық. Міне, Елбасы осы­ны түсіндіреді. Ұлы дала­мыздан бастау алған: атқа міну мәде­ние­ті, ежелгі металлургия, аң стилі – тұрмысымыздың сапалы да ауқатты болға­ны; Алтын адам­ның табылуы, түркі әлемінің бесігі саналуы; Ұлы Жібек жолы­ның кесіп өтуі – мәдениетке бай болғандығы; алма мен қызғал­дақтың Отаны болып есептелуі – жеріміздің киелілігінің белгісі.

«Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының тарихи орнын айқындау ұлттық тарихымызды зерделеуден басталады. Шыр ай­налған дүниеде, тарих толқы­нында көпэтникалық қазақ хал­қының орны қайда? Оның әлем­дік өркениетке қосқан үлесі қан­дай деген сұрақтарға мақа­ладан толық жауап алуға болады. Елбасы ұлттық тарихымызды жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеу үшін тарихи сананы жаңғырту қажеттігін басты мақсат етіп қойды. Оны бастау үшін «Архив – 2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің гене­зисі», «Ұлы дала­ның ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» сияқты іргелі алты жобаны ойлы негіз­дермен жүзеге асыру міндетін күн тәртібіне қойып отыр.

Бұл жобалардың әрқайсысы ұлттық тарихымызды түгендеп, тарихи сананы жаңғырту ісіне елеулі үлес қосары анық. Оларды іске асыруда еліміздің тарихшылары, әдебиеттанушылары, мәдениет­тану­шылары үшін ауқымды да, жауапты жұмыстар басталып отыр. Мұн­дағы мақсат айқын, ол – еліміздің төл тарихын білу арқылы тарихи сана­ны қалыптастыру. Ал тарихи сана арқылы ұлттық сана өсіп жеті­леді, ұлттық санамыз биік деңгейге көтерілсе, егемендігіміз тұғырлы болатыны анық.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *