Егемен Ел ретінде еңсемізді тіктедік

Мұрат ЖҰРЫНОВ, ҚР ҰҒА академигі:

– Елбасының бұл шешімін батыл қадам деп есептеймін. Егемен Ел ретінде еңсемізді тіктедік. Еліміздің әрбір саласында қыруар істер атқарылды. Бұдан былай да атқарылуы тиіс шаралар шаш етектен. Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарынан орын алуға тиіспіз. Егемен Елдің ертеңі бұдан да жарқын болуы тиіс. Қазақ елінің әрбір азаматы мемлекетіміздің өркендеуіне шама-шарқынша үлес қосуы керек. Сенімсіздікке бой алдырмай, керісінше «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мүмкіндіктерімізді біріктіріп батыл түрде алға жылжуымыз керек.

Ал, Астананың Nursultan деп аталуы да орынды. Өйткені Астана – Елбасының төлтумасы.Оған ешкімнің таласы жоқ. Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін елдің айтулы нысандарында айшықтау қажеттігі айтылып жүрді. Сонымен қатар, мұндай атау тек бізде емес әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде де бар. Бұл – біздің Елбасыға деген құрметіміз. Сондықтан қабылданған бұл мәселені келісті шешім деп айта аламын. Бұл – құрметтің, еңбек еленгенінің жарқын көрінісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *