«ЕҢ ЖАҚСЫ АДАМ – ҚОҒАМҒА ПАЙДАСЫ ТИГЕН АДАМ…»

Қоғамда қайырымды жандар көбейсе, ізгілік пен игіліктердің есігі ашылады. Бас мүфти «алтын жүректі» жанның cыйлығын өз қолымен табыстады.

Ақтөбелік Талғат Маратұлы бірнеше жылдан бері өз қаржысы есебінен ауылға жол салып, білім мекемелерінің құрылысына көмектесіп келеді. «Алтын жүрек» сыйлығы иегерлерін марапаттаған салтанатта «Жылдың қайырымды жаны» номинациясын иеленген Талғат Маратұлының сыйлығын Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы өз қолымен табыстап:

– Осындай қайырымдылық жобаны жыл сайын жүзеге асырып келе жатқан жандарға өзімнің және Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының атынан алғысымды білдіремін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Ең жақсы адам – қоғамға пайдасы тиген адам», – деген. Қоғамда қайырымды жандар көбейсе, ізгілік пен игіліктердің есігі ашылады, – деді.

«Алтын жүрек» жобасының ұйымдастыру комитеті жыл сайын қоғамда түрлі салалар бойынша қайырымдылық шараларына мұрындық болған жанашыр жандарды марапаттап келеді. 8 жылдық тарихы бар «Алтын жүрек» жобасы ұлттық жобаға айналып та үлгерді.

ҚМДБ Баспасөз қызметі. 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *