ЭТНОСПОРТТЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК КОНФЕДЕРАЦИЯСЫ

Халықаралық форумына 30 елдің өкілі келді

Алматыда өтіп жатқан «Рухани жаңғыру. Ұлттық спортты дамыту» этноспортының Бүкіләлемдік конфедерациясының екінші халықаралық форумына әлемнің 30 елінен 150-ден астам делегация қатысып жатыр.

Құттыбек АЙМАХАН

Форумға қатысушыларды құттықтаған Алматы қaлa­сының әкімі Бауыржан Байбек 2021 жылы Қазақстанда алғаш рет спорттың ұлттық түрлерінің Бүкіл­әлемдік ойындарының өте­тіні халқымыздың тарихын, мәде­ниеті мен өнерін ғана көрсетіп қоймайтынын, сонымен қатар өскелең ұрпақтың мақсат-мүдде­сін арттыруға оң ықпал ететінін атап өтті.

«ЮНЕСКО-ның бастамасы бойынша Тәуелсіздігі­міздің 30 жылдығында Қазақстанда алғаш рет спорттың ұлттық түрлерінің Бүкіләлемдік ойындары өтеді. Бұл туралы шешім Стамбұлдағы Кон­сультативті кеңесте қабыл­дан­ды. Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақала­сында айтып өткендей, ұлттық ойындардың тарихы біздің ата-бабаларымыздың көшпелі тұрмы­сымен тығыз байланысты және сол арқылы біз бүкіл әлемге халқы­мыздың тарихын, мәдениеті мен өнерін паш ете аламыз», – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Алматыдағы халықаралық форумға Түркияның жастар мен спорт министрімен бірге этно­спорттың Бүкіләлемдік конфеде­рациясының президенті Билал Эрдоған қатысты. Сөз кезегінде:

– Дәл осындай алғашқы форум Стамбұлда өткен болатын және онда әлем бойынша ұлттық спорт түрлерін дамытудың маңыз­ды мәселелері талқыланған еді. Біз бұл форумды Алматыда текке өткі­зіп отырған жоқпыз. Өйт­кені, Қазақстан Республикасы ұлттық дәстүрлердің сақта­луына, өз мәде­ниетінің дамуына айрықша мән береді. Қазақ­стандық тарап­қа, соны­мен қатар сіздердің елдің этно­спорт Ассоциациясына мы­на­дай маңызды шараны барын­ша жоғары деңгейде ұйымдастыр­ған­дары үшін алғысымды білді­ремін», – деп атап өтті Билал Эрдоған.

Форумның жұмысына Қазақ­стан Республикасы Этно­спорт Ассоциациясының президенті Қайрат Сатыбалды, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Парламент Мәжі­лісінің депутаты Бекболат Тілеу­хан және басқалар қатысты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *