ЭТНОПЕДАГОГИКА ОҚУЛЫҒЫ ШЫҚТЫ

Таяу арада Қазақстан Пе­дагогика ғылымдары ака­демия­сының академигі, педа­гогика ғылымдарының докторы, Қазақ мемлекеттік Қыздар педаго­гикалық уни­верситетінің профес­соры Серғазы Қали­ұлының ҚР Білім және ғылым министр­лігінің «Оқулық» атты Респуб­ликалық ғылыми-прак­тикалық орталығы бекіткен жоғары оқу орындарына арналған «Этно­педагогика» оқу­лығы жарық көрді.

Бұл оқулық Ресейдегі педа­гогикалық және әлеуметтік ғылымдар академия­сының академигі, Таганрог технологиялық универ­ситетінің профессоры Вадим Сергеевич Кукушкиннің 2002ж. Мәскеу – Воронеж қаласынан шыққан «Этнопедагогика» атты оқулығының қысқарған үлгісінің негізінде басылып шықты.

Жаңа оқулықтың Қазақстан мен Орта Азия, Әзірбайжан мен Түркия мемлекеттеріне арналған тарауы (166 беттер) профессор С.Қалиевтің еңбегі болып саналады да, ал Ресей халықтарына арналған оқулықтың төртінші және он екінші тарауларын (167-325 бб.) В.С.Кукушкиннің авторлығында жария­ланған еңбектер құрайды.

Халықтық тәрбиенің тарихи кезеңдері, ұлттар мен ұлыстар тәрбиесіндегі біртұтастық, саяси-эконо­микалық, әлеуметтік жағдайларға байланысты бір этностың тарихи аренадан кетіп, орнына жаңа этностардың келуі (Сақ, Ғұн дәуірі, Ұлы Түрік қағанатының пайда болуы, ортағасырлық араб-шығыс мәдениетінің өркен жаюы, Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық мәдениет, кеңестік дәуірдегі ғылыми педагогиканың қалыптасуы, Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиенің өркен жаюы) 8 кезеңге бөлініп, ғылыми дәйектілікпен баяндалған.

Кітаптың соңында Тезаурус ретінде интернацио­налдық терминдерге түсініктемелер ұсынылған.

М. БЕКБОСЫНОВ, филология ғылымдарының кандидаты, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *