ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«Nur Otan» партиясының Медеу аудандық филиалының бастамасымен  11–20 қараша күндері еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрудағы тарихи рөлін кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін,  патриоттық рухын арттыра отырып, Елбасының тәуелсіз мемлекет құрудағы еңбегін айшықтай түсу үшін эссе жазудан жарыс ұйымдастырған болатын.  Оған Медеу ауданы мектептерінің 5–11-сыныптардан 200-ден аса оқушысы қатысып, тәуелсіз сарапшы топтың шешімімен 18 жұмыс үздік деп танылып, жеңімпаз атанды.

Ш.Уәлиханов атындағы №12 маман­дандырылған гимназияның 11-сынып оқушысы Зәмзәгүл Қарабекова «Ел басына күн туғанда Абылай хан ақ туының астына жиналған елді тәуелсіздікке бастаған еді. Сол ұлы көшті жалғастырушы да, халқы­ның тағдырын ойлап, ел тізгінін қолға алып, тәуел­сіздігімізді баянды етудегі Елбасы Н.Ә.Назар­баевтың еңбегі ұлы болды», – деп қатысушы өз шығармасын бастаған.

Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия­ның 9-сынып оқушысы Марат Алина да: «Біз келешегі тұлдыр, болашағы бұлдыр халық емеспіз. Қазақ – тәуел­сіздікке талай тар жол, тайғақ кешулерді өтіп барып жеткен халық. «Тәуелсіздік» дегенді айтқан кезде «Елбасы» деген егіз жүреді. Себебі,  менің еліме тәуелсіздікпен бірге талай жақсылық келді», – деп ойын ашып жазған.

Салтанатты іс-шараға Медеу ауданы әкім­дігінің басшылығы, «Nur Otan» пар­тиясының  мүшелері, зиялы қауым өкілдері, жеңімпаз оқушылар мен пән мұғалімдері қатысты.

Эссе байқауының жеңімпаздарына Қазақстан Республикасының Президенті Архивіне арнайы экскурсия ұйымдас­тырылып, салтанатты түрде тиісті грамо­талар мен естелік сыйлықтар табысталды.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *