ЕҢ ШЫРАЙЛЫ ШАҺАР

3Ұлы Жібек жолы бойымен 23 күн сапаршылап, талай қала мен даланы басып өткен атақты ағылшын журналының журналистері сараптама нәтижесінде осындай шешімге келген.

Алаштың Алматысына таңданбайтын жан жоқ шығар, сірә! Қайсыбір жылы осында ғайыптан жолы түскен атақты Эрнест Хемингуэйдің жұбайының осынау ғажайыпты көріп, «Жер бетінен мұндай қала көрмедім» деп көңілі босағаны бар еді. Бұл мыңнан бір мысал ғана.

Енді, міне, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларға 23 күн бойына саяхат жасаған Ұлыбританияның ең көп данамен тарайтын Wanderlust журналының тілшілері Тор-8 талабы бойынша сараптама нәтижесінде Жібек жолындағы ең шырайлы шаһар – Алматы және Шарын шатқалы деген шешімге келген.

«Ұзындығы 90 шақырымға созылып жатқан айрықша шатқалға қарай бірден аттанбас бұрын міндетті түрде алдымен Алматы шаһарына ат шалдырып алыңыз. Сұлу қаланың көз тоймас көркіне тамсанбай өту мүмкін емес, шатқалға сапарды шаһардан бастау керек» делінген журнал сарапшыларының сөзінде.

Айтса айтқандай, ертегідей өсіп, өркендеп, абаттанып бара жатқан, мыңжылдық мерейіне көтерілген Алматыны қалай мақтаса да ешкімнің таласы болмас.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *