Ең сұлу әйел – балалы әйел

Жаңа түскен келін өзінің киім-кешегін беталды қысқарта бермейді. Бұлай етсе, дүниеге келетін нәресте кемтар болып туылады немесе түсіп қалады деп ырымдайды.

 

***

Нәресте туғанда кіндігін айбалтамен кесіп, таза жіппен байлайды. Кіндік кескен балтаны пайдаланбай, сақтап қояды. Ұл баланың кіндігін «үйкүшік болмасын, далада жортқан батыр болсын» деп қырдан асырып, лақтырып жібереді. Ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болғай» деп отбасына, ошақтың түбіне көмеді. Бала оқымысты болсын деп кітап арасына сақтап қоятын да; ат құлағында ойнасын деген ниетпен аттың жалына байлайтын да дағды болған екен. «Тілегімізді кіндік кескен жерден, кіндік қаным тамған жерден бер» дейтін сөз осындай ырымдардан қалған болса керек.

 

***

Бесікті бейуақытта сыртқа шығармайды. Нәрестені алты айдан асқанша үйде жалғыз қалдырмайды. Өйткені, қараңғылық пен жарық жер бетінде таласып тұрған кезде Бақ пен Сор да тез алмасады. Перілер мен жын соғысып жатады дейді. Осы кезде ұйықтауға да болмайды. Бейуақтың күнәсі  жабысады деп ырым­дайды.

Кіндігі қатпаған сәби осы мезгілде үйде жалғыз қалса, шошынады, перілер баланы алып кетіп, орнына өздерінің ақыл-есі дұрыс емес баласын тастап кетеді деп жориды. Кейде баланың ұрық безі бұзылып, рухынан айырылады, сондықтан қасынан адам үзілмегені жақсы деп иландырады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *