ЭРНЕСТІҢ ЕГІЗДЕРІ

Эрнест Хемингуэй 30-жылдары тұрып, елеулі туындыларын тудырған АҚШ-тың Ки-Уэст көшесінде оған ұқсайтын егіздердің шеруі өтті. Бұқаға мініп серуендеген олар атақты Нобель сыйлығының лауреатына туған күніне орай құрмет көрсетті. Көңілді жарыс Хемингуэйдің «Фиеста» романындағы көріністерді еске салды. Байқау жеңімпазы атағын осы фестивальге оныншы рет қатысып отырған Майкл Гровер жеңіп алды. Э.Хемингуэй – американ жазушысы, журналист, 1954 жылы Нобель сыйлығын иеленген. Ол тек жазушылығы ғана емес, жеке өміріндегі ерекше оқиғалармен де танымал болған адам.
Қ.ИМАН.