ЭПОС ФЕСТИВАЛІ ЕЛОРДА МЕРЕЙТОЙЫН ДӘРІПТЕДІ

Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан жыр­шылары Алматы төрінде бас қосып, жыраулар поэзиясы «Ұлы дала елі» фестивалінде жаң­ғырды.

«Алатау» дәстүрлі өнер теа­трында халық­аралық «Ұлы дала елі» фестивалі ұйымдасты­рылды.  Дәстүрлі эпос фестива­лінің биылғы бағдарла­масы Астана­ның 20 жылдық мерей­тойына арналды. «Рухани жаңғыру» аясын­да жүзеге асқан фестиваль түркі халықтарының ежел­гі мұрасы – жыраулық дәстүрдің ұмы­тылмауын мұрат етеді.

Нұрлан СҮЙІН

Қазақстандық жыршылармен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақал­пақ­станнан келген жыр орындаушылар дала әуенін сахнадан шарықтатты.

– Фестивальге келген 14 қатысушы «Манас» жырын, «Текей батыр», «Алпамыс» дастандарын орындады.    Қырғызстандық әйгілі жыршы Доолетбек Садыков «Манас» эпосын, Өзбекстаннан келген Абдына­зар Поянов «Алпамыс» эпосын орын­дады. Сондай-ақ, Қарақалпақ­станнан Динара Нұратдинова атты жас бақсы келді. Түркі халықтарына ортақ жырау­лық дәстүр фестивалінің Алма­тыда өтуі тегін емес. Жетісу жерінде көшпенді халықтың табанының ізі қалған. Ежел­ден келе жатқан жыраулар поэзия­сы бүгін де маңызға ие, – дейді фестиваль ұйымдастырушыларының бірі, қазақ­стандық жыршы Ұлжан Байбосынова.     Оның айтуынша, жыршылық дәстүр Қазақстанның оңтүстік пен батыс аймақ­тарында сақталған.

– Жыршылық өнер Қызылорда облысында кең тараған. Ол жақта жыр­шы­­лық өнері атадан балаға, ұстаз­дан шәкірт­ке беріледі. Маңғыстау облы­сында да бұл дәстүр сақталған. Алматының Жетісу ауданында ұрпақ­тарға түркі халқының музыкасын дәріп­тейтін орта­лық бар, – деді жыршы-ғалым.

Қатысушылар 7 минуттан бір жарым сағатқа дейін созылатын эпостарды орын­дады. «Бұл жолы эпикалық шығар­малар мен қаһармандар туралы аңыз­дар, дастан­дар айтылды. Жылдан-жылға олардың орындалу мәнері өзгеріп, маз­мұн­дырақ болып келеді»,  – деді фести­вальдің сценарий авторы Базарбек Атығаев.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *