ЭЛЕКТРОСАМОКАТ ТА ЖОЛ ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІНЕ БАҒЫНАДЫ

Шаһар полициясы бүгінде сұранысы артып тұрған көлік түріне қойылатын талаптарды атады.

– Электросамокаттар мопедтер қатарына жатады. Оны тізгіндейтін тұлға жүргізуші болып саналады және жол қозғалысы ережелерін сақтауға міндетті. Электросамокаттарды басқару құқығы он алты жастан асқандарға ғана беріледі. Ол үшін жүргізуші куәлігін алудың қажеті жоқ, — деп мәлімдеді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мамандары.

Полицейлердің айтуынша, мопед (электросамокат) қозғалы­сына қатысты қосымша талаптар ҚР ЖҚЕ-нің 24-бөлімінде белгіленген, соған сай олар велосипедке арналған жолда не қозғалыс жолағында, ал ондай болмаған жағдайда жолдағы жүргін бөліктің бағыттық көлік құралдарына арналған жолақты қоса алғанда, оң жағымен жүруі тиіс.

Электросамокат жүргізушілеріне жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтуге болмайды. Сонымен қатар, ең болмағанда бір қолымен рөлді ұстамай жүруге, көлемінің ұзындығынан немесе енінен 50 см. артық шығып тұратын жүктерді немесе басқаруға кедергі келтіретін жүктерді тасымалдауға, қатарында велосипед жолы болғанда жол бойымен қозғалуға, трамвай қозғалысы бар және осы бағытқа қозғалу үшін бір жол жолағынан артық болғанда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға тыйым салынады. ҚР ЖҚЕ-нің 19-бөлімінің 1-тармағының 1-тармақшасына сай, Тәуліктің қараңғы уақытында және жолдың жарықтандырылуына қарамастан жеткіліксіз көріну жағдайларында, сондай-ақ тоннельдерде габариттік шамдар мен алыс және жақын жарық фарлары іске қосылуы тиіс.

Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың (велосипед, мопед және оларға теңестірілген көлік жүргізушілері) ережелерді бұзуы 2 АЕК (ҚР ӘҚБК-нің 1-бабының 1-бөлігі) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғатынын атап өтті. Егер самокатшының жол ережесін бұзуы адам денсаулығына зиян келтірген болса, 10 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынады.

 

«Сергек» камералары тәртіпсіздікті жояды

Алып шаһардың басты көшелеріне 700-ден аса «Сергек» бақылау камерасы орнатылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Осылайша фото-видеофиксацияның көмегімен жол қауіпсіздігі күшейтіледі.

Жаңа жүйенің көмегі арқылы жылдамдықты арттырған, бағдаршамның қызыл түсіне өткен, тұру мен тоқтау ережесін еле­мейтіндер және автобус жолағымен жүретіндерді анықтау көзделіп отыр. Яғни жолдағы барлық қоз­ғалыс толықтай суретке түсіріледі. Тәртіпке бағын­бағандар айыппұл төлейді. Қала билігі «Сергекті» шаһар­дағы қылмыс­тар­дың ізін суытпай ашу үшін де пайдаланбақ. Ка­мералар күндіз де, түнде де көріністі сапалы түсір­еді. Естеріңізге сала ке­тейік, қазіргі уақыт­та «Сергек» жүйесі Абай және әл-Фараби даңғыл­дары мен «Алматы-2» темір­­жол вок­залының маңында жұмыс істеп тұр. Алма­тыда 2018 жыл­дың 1 жел­тоқсанынан бас­тап «Сер­гектің» көме­гімен жол ережесін бұзған­дарға айып­пұл салына бастады. Қон­дырғы орташа жыл­дам­­дықты есептейді. Ап­парат орнатылған 1-бекет пен 2-бекет ара­сын жүр­гізу­ші 2 минут 14 секундта жүріп өтуі тиіс. Егер көлік иесі келесі бекетке белгі­ленген уақыт­тан бұрын жетсе, онда жылдамдық асырды деген сөз.

Ескерту!

Қаламызда салығы төленбеген көліктер жүрмеуі тиіс. Алматының қазына кірісін бақы­лаушылар салығы төленбеген көліктерді тәркілеп жатыр. Темір тұлпары үшін төлем жасаудан жалтарғандар жауапкершілікке тартылады.

 

«Автоәлем» бетін дайындаған – Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *