Эколог қала тазалығына тікелей жауапты қызметкерлермен кездесті

8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, ҚР Президенттігіне кандидат, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов Алматы қаласы Әуезов ауданы «ДЭУ-Автобаза» АҚ басқармасының қызметкерлерін құттықтады.

Бұл туралы кандидаттың баспасөз қызметі хабарлады.

«ДЭУ-Автобаза» кәсіпорнының қызметкерлері қала тазалығын сақтауға қатысты тікелей жұмыстар атқарады. Мен эколог ретінде осындай азаматтарды құрмет тұтамын және оардың арасындағы нәзік жандыларды төл мерекесімен құттықтап, біздің қаламызды күн сайын қоқыстан тазартатындықтан оларға зор алғысымды білдіргім келеді», – деді кездесуде кандидат.

Кездесу барысында компания қызметкерлері Мэлс Елеусізовтың сайлауалды науқанына қызығушылық танытып, сауалдар қойып, пікір алмасты. Әңгіме барысында экология мәселелері көтеріліп, сапасыз жанармай проблемаларына назар аударылды. Сондай-ақ ол тазалық сақтаушыларды 3-сәуір күні сайлау учаскелеріне барып, өз болашақтары үшін дауыс беруге шақырды.

Мэлс Елеусізов кездесу соңында әйелдер қауымына қызғалдақ гүлін тарту етті.

«Ақшам-ақпарат»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *