«Эйр Астана» жаңа командирлермен толықты

Ұлттық әуе компаниясы Қазақстан әуе кеңістігі мамандарын дайындап отыр

Нұрлан СҮЙІН

 

«Эйр Астана» әуе тасы­малы компаниясы халық­аралық әуе кеңістігінде Қазақстан атынан қызмет көрсетуші бірегей компания. Ұлттық әуе компаниясы бүгінде халықаралық талап­тардың барлығына сай қызмет көрсетіп, өз әуе кемелері паркін «Боинг», «Эйрбасс», т.б. заманауи ұшақтармен қамтамасыз еткен. «Эйр Астанада» өз жөндеу-қызмет көрсету, оқу-жаттығу орталықтары жұмыс жасайды. Биыл құрылғанына 16 жыл толатын «Эйр Астана» әуе компаниясы атаулы күнді де күнделікті халыққа қызмет көрсетумен өткізуде.

15 мамыр «Эйр Астана» компаниясы өзінің 16 жылдығын «Аb-іnіto» бағдар­ламасы бойынша дайындықтан өткен екінші ұшқыштарды әуе кемесінің командирлігіне қабылдау рәсімімен атап өтті. Биыл 10 ұшқыш әуе көлігінің коман­дирі атанып отыр екен. Бағдарлама бойын­ша дайындықтан өткен жас екінші ұш­қыштар – Тимур Жабатаев, Михаил Злы­денный, Айдар Жәкенов, Әзім Мұсалдаев, Қуаныш Елгелдиев, Арман Мұстафин, Василий Батаев, Андрей Яцын, Тимур Машуров, Диас Ахметовтар енді әуе кемесі командирлері ретінде қызмет көрсететін болады. Бір қуанарлығы, «жас коман­дирлердің» барлығы қазақстандық, ұлттық кадрлар.

«Эйр Астана» 2015 жылдан бері «Аb-іnіto» дайындық бағдарламасы бойынша 22 ұшқышты әуе кемесі командирлігіне дайындап шығарыпты. Жалпы, аталмыш бағдарлама бойынша 199 қазақстандық дйаындықтан өтіп, «Эйр Астана» әуе компаниясында «екінші ұш­қыш», «кеме командирі» болып қызмет атқарып жүр екен. «Аb-іnіto» бағдарламасына қабылдау жыл бойына жүргізіліп, компания жылына 20 студентті жіберіп отырады. Тестілеу нәти­жесі бойын­ша студенттер АFTA (Atlantіc Flіght Traіnіng Academy) Ирландияның Корк қаласы, FTE (Flіght Traіnіng Europe) Испания, Херес қаласының біріне әуе мектебіне жі­беріледі.

«Эйр Астана» бағдар­ламаны 2008 жылдан ен­гізіпті. Біліктілікті ұшқыш кадр­лардың жетіспеу­ші­лігінен және кәсіби қазақ­стандық ұшқыштар буы­нын дайын­дау мақсатында «Аb-іnіto» бағдарламасы қазақ­стан­дық жастарға кәсіби әуе компаниясында жоғары деңгейлі жұмыс табуға берілген мүмкіндік.

Ұшқыштыққа оқу 16–18 ай, орташа оқу ақысы 100 мың АҚШ доллары екен. «Эйр Астана» оқу ақысын 100 пайыз алдын-ала өзі төлейді. Дайын­дықтан өткен ұшқыш 50 пайызын авиаком­пания­дағы қызмет барысында өтейді. Ең бастысы, «Эйр Астана» оқу кезінде кадеттен ешқандай қаржылай кепілдік талап етпейді, бұл оқу бағдарла­масының ережесі.

Бағдарламаға Қазақстан Республи­касы­ның 18–34 жас аралығындағы, ағылшын тілін меңгерген, фзика, математика сала­сында білімді азаматтар қатыса алады. Барлық мәліметті aіrastana.com сайтынан алуға болады.

Қазақстанның ұлттық әуе компа­ния­сы – «Эйр Астана» тәуелсіз мем­лекеттің әуе кеңістігінің ұшқыш-мамандарын өз есебінен дайындап, ұлттық кадрлар қатарын толықтыруда.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close