ЕҢБЕККЕРЛЕР МҮДДЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛАДЫ

Бүгінгі таңда қоғамда уақыт сынына жауап бере алатын жаңартылған және тиімді әлеуметтік саясатқа сұраныс артып келеді. Әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың әл-әуқат мәселелерін шешу – әрбір қазақстандыққа ықпал ететін қиын және өте маңызды міндет. Бүгінгі жаһандық дағдарыс жағдайында, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғау мәселелері өткір тұрғанда кәсіподақ одан тысқары қала алмайды.

Ең бастысы –даму жолы, әділеттілік, кедейшілікке жол бер­меу. Ол – бүгінгі кәсіподақ ұйымы араласатын мәселе. Бұл – бірінші кезекте білім беру мен оны қадағалау. Жастардың дұрыс тамақ­тануы мен олардың саламатты өмір салтын ұстануы, зияткерлік және ақпараттық сұраныстарын өтеу, нақты бағалар бойынша қажеттіліктер құнының есебін жүргізу, экономиканың өсіміне байлаулы өмір сапасының стандарттарын кезең-кезеңімен сапалы ауыстыруға белсенді араласу. Бұл – әр отбасының еңбекпен қамтылуы, өзін, отбасын асырау үшін, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп, туған Отанының өсіп-өркендеуі үшін өнімді еңбек ететіндей жұмысы болу деген сөз. Сондықтан да еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және еңбек төлемі саясатын жаңғырту міндеті – кәсіподақ ұйымдарының кәсіби міндетінің аясына жатады. Бұл істе кәсіподақтардың атқаратын міндеті өте зор және аса ауқымды болып отыр. Қазір азаматтық қоғам, жаңа сипаттағы әлеуметтік зайырлы мемлекет құрып жатырмыз. Нарықтық қарым-қатынас күн өткен сайын дамып, жеке- меншіктің үлесі ұлғайып отыр. Кейде мемлекет олардың ішкі ісіне толық араласа алмайды. Ал кәсіподақ – қоғамдық ұйым. Осы мақсат аясында жеке кәсіпорын, мекеме, ұйым, басқа да өндірістік бірлестіктерде жұмыс істейтін азаматтар кәсіподақ құрып, өздерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғай алады. Бұл – бірінші фактор. Қазір қоғамда әділеттілік орнатылуда, талап, сұраныс бар.

Осыған орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: –«Менің ұстанымым – әділеттілік. Бұл жалпыадам­заттық әрі дала демократиясынан бастауын алатын, ата-бабамыздан дарыған, ежелден қанымызға сіңген құндылық болатын. Оны жоғалтып алу адамзат үшін де, ұлт үшін де өзін-өзі жоғалтып алумен бірдей.

Әділеттілік салтанат құрмаған қоғамда тек қайшылық, қиын­шылық, құлдырау үстемдік ететіні белгілі. Сондықтан әділет­сіздікпен мемлекет, қоғам, әр адам күн сайын бірігіп күресуіміз керек. Халқымыз айтқандай, «Әділет жолы – ауыр жол», бірақ ауыр болса да одан тура жол жоқ.

Жалпы, әділеттілік – қоғамды өркениетке жетелейтін, оның бет-бейнесін айқындайтын басты құндылық. Ол жоғалған сәтте азаматтар арасында наразылық туындайды.

Бұл құндылық алдымен мемлекеттік саясатта көрініс табуы керек деп санаймын. Нақтырақ айтсақ, заң алдында барлық азамат тең құқылы болуы тиіс», – деген еді.

Конституцияға сәйкес, Қазақстан өзін демократиялық, зайыр­лы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырған. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқығы мен бостандықтары. Осы тұрғыдан адамның еңбек құқықтарының қамтамасыз етілуі мен оның заң негізінде қорғалуы – мемлекеттің әлеуметтік міндеттерінің ішіндегі ең негізгісі әрі маңызды­ларының бірі. Осы міндеттің орындалуына пәрменді ықпал ете алатын жалғыз ұйым – кәсіподақ.

Кәсіподақтарға берілген еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайын қоғамдық бақылаудың заңды құқығы қажетті деңгейде қолданылмай келеді. Қоғамдық-саяси өмірдегі кәсіптік одақтардың рейтингі аса жоғары емес, әйтсе де олар еліміздегі жалдамалы жұмысшылардың басын біріктіруді қолдайды.

Еңбекақы төлеу саласындағы кәсіптік одақтардың саясаты шешімді, салалық және аймақтық дәрежедегі еңбекақы төлеуде қалыптасқан жоғары диспропорцияны жоюға, «көлеңкелі» еңбекақы беруді түбегейлі жоюға кәсіподақтың әлеуеті күшті болған болар еді. Бүгінгі таңда қоғамды жегідей жеп бара жатқан жемқорлықты ауыздықтауда да кәсіподақтың үлесі зор болар еді. Жағдайды түзету үшін барлық дәрежедегі әлеуметтік серіктестікте нағыз теңдікті сақтауға, тараптардың мүдделері мен жауап­кершіліктерін құрметтеуге ұмтылу қажет.

Сонымен қатар, кәсіптік одақтар мен жергілікті билік органдары арасындағы әріптестіктің оң тәжірибесі еліміздегі тұрақтылықты сақтауға септігін тигізді. Бұл істе кәсіподақтың рөлі үлкен. Кәсіподақтар мен атқарушы билік арасындағы аймақтық келісімнің аясында тұрмыстық-коммуналдық қызметтер мен қоғамдық көлік қатынасында оңды тәжірибелер бар.

Министрліктер мен әкімдіктер әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссиялар- дың жұмысын жандандыруда кәсіподақтың үлесінің зор болғанын естен шығармағанымыз жөн. Өңірлерді дамыту міндеті бүгінде алдыңғы орынға шығып отыр. Оған Федерацияның облыстық филиалдары жергілікті билік органдарымен серіктестік құрып, өзара іс-қимыл жасауда. Кәсіподақтардың «Nur Otan»  партиясы­мен өзара іс-қимылының мол әлеуетін пайдалануы қажетті шара болуы тиіс.

Біз – жас мемлекетпіз. Болашағынан үміт күтер жастарымыз көп. Сондықтан олардың арасында оқу тәрбие, салауатты өмір салтын ұстануы жолында кәсіподақ ұйымының атқарар жұмысы әлеуетті күшке ие. Әзірше, кәсіподақтардың ең күшті буыны осы сала болып отыр.

2013 жылы кәсіподақ белсенділерімен кездесуінде Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгінгі кәсіп­одақтар – бұл азаматтық қоғамның маңызды бөлігі, ол шынайы әлеуметтік мемлекет құруды қолдайды. Бұл – мемлекет пен жұмыс берушілер үнқатысуының тұрақты серіктесі. Бұл қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауды қолдайтын заңды жетілдірудің тең авторы» деген болатын. Жаңа заң қазіргі қазақстандық кәсіподақтардың Елбасымыз берген жоғары бағаға сай келуіне ықпал етіп отыр.

Кәсіподақ ұйымының бітімгерлік рәсімдер мен үшжақты комиссияның тетіктерін атқарудағы миссиясы да байыпты баста­маға құрылған.

Еліміз нарықтық қатынастарға түсуіне байланысты түрлі кәсіби сала дамып келеді. Президентіміз жеке бизнесте олардың үлес салмағы асқан кезде экономикада тұрақтылық болатынын айтқан болатын. Демек, кәсіп үйрену, кәсіп ашу – бүгінгі өмірдің нақты бағыты.

Кәсіподақтар құру арқылы өздерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау – кез-келген азаматтың, кәсіпкердің конституциялық құқығы. Кәсіпкерлерге, кез-келген кәсіп­орында жұмыс істейтін барлық еңбеккерлерге кәсіподақтар құруды насихаттап, солар арқылы олардың құқықтарын қорғау­ды жеткізу парыз. Жаңа заң, кәсіподақтарға, еңбекшілердің құқы және заңды мүддесін қорғауға, үкіметпен, мемлекеттік органдармен, жергілікті билік иелері мен жұмыс берушілермен пәрменді диалог жүргізуге мүмкіндік береді.

Зәуреш ӨМІРБАЕВА,

«Алматы қалалық Кәсіподақ орталығы» аумақтық бірлестігінің төрайымы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *