ЕҢ АЛЫП «АЙНАЛМАЛЫ ДӨҢГЕЛЕК» ӘТКЕНШЕГІ АШЫЛДЫ

«Мега» ойын-сауық орталығында тұрғызылған «Балалар қуанышының» биіктігі – 60 метр

img_0413

Нүрлан СҮЙІН

Орталық Азиядағы ең үлкен «Айнал­малы дөңгелек» (Колесо обозрения) әткен­шегінде 208 орындық 40 жабық кабина бар. «HappyEye» әткеншегі бұған дейін де алматылық балаларға ойын аттрак­цион­дарын, спорттық алаңқайлар ашып, қуан­тып жүрген MEGA Alma-Ata ойын-сауық орталығының аумағында ашылды. Әткен­шекке отырғандар 60-70 метр биіктіктен әсем Алматыны тамашалай алады. Аттрак­цион Алматының «жоғарғы Мегасында», яғни, Розыбакиев көшесіндегі ойын-сауық орталығы аумағында орналасқан.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жексенбі күні өткен «Айналмалы дөңгелектің» ашылуында кішкентай алма­ты­лықтармен бірге болып, олардың қуа­ныш­тарына ортақтасты. Алматылықтар мен қала қонақтарына арналған аттрак­ционға салынған инвестиция көлемі – 1,5 млрд. теңге. Алдағы 4-5 жылда жоба өз-өзін ақтауы тиіс.

Ал әзірге алматылықтар мен қала қонақтары «Айналмалы дөңгелекпен» 16 минуттық «әуе саяхатын» жасап, мегапо­листі биіктен шолып өтеді. «Айналмалы дөңгелектің» ересектерге арналған билет құны 1200 теңге болса, 5-12 жас аралығын­дағы балалар үшін 800 теңге. Ал 5 жасқа дейінгілер кабинада үлкендермен бірге тегін тамашалай алады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *