ДЗЮДО АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

6.2Ербол ТҰРЫМБЕТ

Алматыда елiмiздегi ал­ғаш­қы Дзюдо академия­сы­ның құрылысы басталады. Сенбi күнi қала әкiмi Ахмет­жан Есiмов заманауи спорт кеше­нiнiң жобасымен таны­сып қайтты. Шара бары­сында шаһар басшысы Ха­лық­ара­лық дзюдо федерация­сының президентi Мариус Ви­­зермен болашақ Дзюдо ака­демиясы­ның алғашқы кiрпiшiн салта­натты түрде қа­лады. Жаңа ғимарат Байза­қов пен Шев­ченко көшеле­рiнiң қиылы­сында орналас­қан К. Ахметов атындағы да­рынды балаларға арналған рес­публикалық мектеп-ин­тер­наттың аума­ғында бой көтередi.

Заманауи спорт кешенi ұлттық дзюдо құрамасының жаттығу жасауы үшiн және жастар арасынан болашақ дзюдо шебер­лерiн дайындауға арналған. Құрылыс жоспарына сай, ғимарат 2 бөлiктен тұрады. Оның бiрiнде үлкен спорт залы мен 4 жаттығу бөлмесi қарастырылған болса, екiншi бөлiгiнде шәкiрттердiң жатын орын­дары мен тамақтанатын асханасы жұмыс iстейтiн болады. Жалпы, ғимарат толығы­мен еуропалық талаптарға сай салынбақ. Жоспарға сәйкес, 100 орынға арналған Дзюдо академиясының құрылысы 2014 жылдың соңына қарай аяқталмақ.

Айта кету керек, салтанатты шара бары­сында Халықаралық дзюдо қауым­дас­тығының президентi Мариус Визер 2015 жылы ересектер арасында дзюдодан өтетiн чемпионаттың қазақ жерiнде өтетiнiн тiлге тиек еттi. Нақтырақ айтқанда, Ұлан-Батыр, Будапешт және Дубай қалаларымен бә­секеге түскен Елордамыз комиссия шешiмi бойынша лайықты деп танылып отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *