Достығымыз жарасқан

%d0%b6%d0%b5%d1%82%d0%b8%d1%81

Рая ЕСКЕНДІР

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Алғыс айту күнін осымен екінші мәрте атап өтіп отырмыз. Осынау мерекенің біздің еліміз үшін мәні ерен, маңызы терең. Ел басына қиындық түскен кезде барлық халықты бауырына басқан қазақ халқына, оның дархан жүрегіне, кең пейіліне деген құрмет бұл. Жетісу ауданындағы барлық білім мекемелерінде бұл күні «Қазақстан – келісім мен бейбітшілік елі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде «Достығымыз жарасқан» атты фестиваль өтті. Қазақстандағы барлық халықтың береке-бірлігін баяндайтын керемет көрмемен басталған бұл мерекені Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Санжар Тоғай ашып, Алғыс айту күнінің маңыздылығына тоқталды. Барлық мерекеге қатысушыларға қала әкімінің құттықтауын жеткізді. Осыдан соң, мектептің өнерпаздары барлық Қазақстан халқының өнерін, салт-дәстүрін жаңғыртып, ұлы достықты дәріптеді. Бірнеше ұлттың өкілі Қазақстанға, Елбасы Н.Назарбаевқа осынау бейбіт өмір үшін Алғыс білдірді.

Мектеп кітапханаларында «Біз біргеміз» тақырыбындағы кітап көрмелері, ұлттық спорттық ойындар, ұлттық тағамдар көрмесі ұйымдастырылды. Көктемнің жылылығын ала келген Алғыс айту күнінде бас қосқан барша қауым бір-бірімен қуана қауышып, барлық берекелі тіршілікке алғыс айтты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *