Достастықтың мәдени астанасының тұсаукесері өтті

528Кеше Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында «Алматы – Достастықтың мәдени астанасы» атты 2014 жылғы іс-шаралар легінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Роза ӘРЕН

Шараға Алматы қаласының әкімі Ахмет­жан Есімов, ГЫМҚ басқармасының тең төрағасы Михаил Швыдкой, ҚР мәдениет министрі Арыс­танбек Мұха­медиұлы және ТМД елдерінің өкілдері қатысты. Сондай-ақ, қатысушылар қата­рында ТМД атқару комитетінің өкілдері, мәдениет және өнер қайрат­керлері бар.

– Ең алдымен, баршаңызды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтаймын! Алматының ТМД елдерінің Мәдени астанасы болып қабылдануы тегін емес. Мәдениет саласы­ның талай саңлақтары Алматының киелі сахналарынан өнер шыңына көтерілген. Ең алғашқы Кеңес одағының халық әртістері, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері – Алматының түлектері, – деп атап өткен қала әкімі Ахметжан Есімов «Алматы – Достастықтың Мәдени астанасы» жылын­да қала тұрғындары мен қонақ­тарының назарына сан түрлі қызықты мәдени шаралар ұсынылатынына тоқталды.

Салтанатты кеште ГЫМҚ басқар­масының тең төрағасы Михаил Швыдкой қала басшысы Ахметжан Сма­ғұл­ұлына 2014 жылғы «Достастықтың мәдени астанасы» сертифи­катын табыс­тады. Осылайша, Алматы ресми түрде ТМД елдерінің 2014 жылғы мәдени астанасы атанды.

«Достастықтың мәдени астаналары» мемлекетаралық бағдарламасы  2011 жылы Гуманитарлық ынтымақтастық кеңесі, Мәдени ынтымақтастық кеңесі және ТМД елдері гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекет­аралық қорының  (ГЫМҚ) бастамасымен дайындалды.

Бағдарлама «Достастықтың мәдени астанасы» мәртебесін алған, ТМД елдерінің астанасынан өзге қалаларында Достастық мемлекеттерінің  шығармашылық ресурс­тарын жыл сайын топтастыруға ынталы. Сонымен қатар,  осы байланыс негізінде мәдени және гуманитарлық шаралардың жарқын, бай және алуан түрлі палитрасын құруды көздейді.

Концерт алдындағы баспасөз конфе­ренциясында «Достастықтың мәдени астаналары» мемлекетаралық бағдар­ламасының концепциясы және Алматы қаласы Мәдениет басқармасы дайындаған іс-шаралар жоспары жария етілген болатын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *