«DOІNG BІZNES» БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН ОТЫЗДЫҚТА

Қазақстан бизнеске қолайлы реформалар бойынша үздік елдер қатаында

Алматыда «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Шара барысында кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын іске асыру барысы  қаралды. Нұрлан СҮЙІН  

 

Мемлекет басшысының 2019 жыл­ғы 1 қаңтардан бастап салықты ра­қым­шылық жариялау туралы тапсыр­масы қазақстандық кәсіпкер­лерді қол­дау­дың  маңызды  элементі болып  табы­лады.

Алматы  қаласы  мәслихатының депу­таты, кәсіпкерлікті қолдау жө­нін­­дегі  Қоғамдық кеңестің төрағасы Сер­гей Козлов өз сөзінде амнистия жүр­­гізу кәсіпкерлердің бұл  қара­жатты  бизнесті  дамыту мен кеңей­туге жұм­сауына  мүмкіндік  беретінін атап  өтті.

– «Doіng busіness» есебінің де­ректері  бойынша, Қазақстан бизнес­ті жүргізуді жеңілдету  үшін  рефор­малардың  ең  көп  санын  жүргізген 30 елдердің  қатарына   кірді. Қазіргі уақытта біздің міндетіміз кәсіпкер­лердің өз кәсіпорнын  дамытуда жеңілдету үшін  барлық  шаралар мен күш-жігерді қолдану, – деді депутат.

Алматы қаласы  бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақ­­тық  филиалының  басшысы  Мереке  Сыз­дықов  «БЖК–2020» бағдарламасының  негізгі  бағыттары  туралы айтып берді.

Мемлекеттік  бағдарлама  аясында «Даму» қоры іске асыратын негізгі қаржы  құралдары – бұл кәсіпкер­лерге мем­лекеттік субсидиялармен екінші деңгейдегі  банктердегі кре­диттер  бойын­ша  кепілдіктер беру.

«Даму» қорының 2018 жылдың 1 қа­зан­дағы дерегі бойынша, Қазақстан бойынша субсидиялау шарттарының 897 жобасына қол қойылды, қол қойылған жобалардың жалпы сомасы 107,53 млн.теңгені құрады. Оның ішінде Алматы қаласы бойынша 15,57 млрд. теңге сомасына 53 субсидиялау шартына қол қойылды. Өңдеу өнер­кәсібі мен көлік және қоймалау салалары көш бастап тұр.

Сондай-ақ, кредиттердің жалпы сомасы 31,813 млрд. теңгені құрайтын 823 кепілдендіру шартына қол қойыл­ды, ал кепілдік сомасы 12,488 млрд. теңгені құрады. Алматы қала­сында 2018 жылғы 1 қазан айына жағдай бойынша кре­диттің жалпы сомасы 2,923 млн. теңгеге 44 жобаға қол қойылды, бұл ретте кепіл­дік сома­сы 1, 201 млн. теңгені құрады

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *