Әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының курстық жұмыс жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері»тақырыбы бойынша курс жұмысы ұйымдастырылған болатын.

Курсқа Алматы қаласынндағы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріқатысып, Алматы қаласы Білім басқармасы ҚББЖТҒӘО-ның әдіскер-психологі В. С. Кокановадан дәріс алуда.

Курс барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың құқықтық құжаттарымен қалай жұмыс жасау, МДҰ мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына енгізілген өзгерістер туралы, әдістемелік жұмыстарды құрылымдау, педагогикалық ұжымда коллаборативті ортаны құру, өзіндік білімді жетілдіру дағдыларына үйрету жоспарланған .

Өзін-өзі тану — мектепке дейінгі жастағы балаларды  рухани адамгершілікке тәрбиелеудің басты векторы екеніне де басты назар аударылуда.

Мектепке дейінгі балалардың тұлғалық, рухани дамуына, ішкі динамиканы жүзеге асыру қажеттігін, оқу сабақтарында мейірімділікпен махаббат атмосферасын жасау, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының тілектестік диалогі, тығыз қарым-қатынас жасауы басты мәселе екені сөзсіз.

Балабақша жылдық жоспарын жоспарлаудың негізгі мәселелері: мемлекеттік органдардың сәбилермен мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу, дамыту және эмоцияналдық әл ауқаты бойынша мәселелрді орындауын қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның қызметінің басты байланыс мәселелерін бөлу, нақты шараларды орындау мерзімімен жауаптыларды анықтау, ұжым мүшелерін жауапкершідікке тәрбиелеу екендігі де ауқымды тақырып.

Курс сабақтарында заманауи көзқарас бойынша ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері де қарастырылуда. Мысалы: ата-анамен дөңгелек үстелдер, ата-аналармен педагогикалық әңгімелер, жалпы, топтық жиналыстар, тақырыптық консультациялар, ата-анамен конференциялар, бірлескен бос уақыт, диспуттар, МДҰ ата-аналары үшін ашық оқу қызметтері. Мектепке дейінгі ұйымда білім беру және тәрбие жұмысы жағдайын қалай талдау керектігі де сөз болды.

Осылайша Алматы қаласы Білім басқармасы ҚББЖТҒӘО-ның әдіскер-психологі В. С. Коканова тыңдаушыларға жаңа буын бағдарламаларын енгізе отырып, жоғары сапалы оқу үдерісін қалай қамтамасыз етуге болатынын түсіндіруде.

Ш. Битен

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *