«Дiнтану» оқулығының тiлi өте ауыр

«Жасөспiрiмдер және дiни экстремизм» тақырыбында дөңгелек үстел Б. Атыханұлы атындағы №36 мектеп- гимназиясында өткiзiлдi. Шараға мектеп ұстаздары, әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң дiнтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары, «Тастақ» мешiтiнiң имамдары және оқушылар қатысты. Жиында бүгiнгi қоғамды алаңдатып отырған өзектi мәселелер – жасөспiрiмдер тәрбиесi, дiни экстремизм және онымен күресу жолдары талқыланды.«Тастақ» мешiтiнiң бас имамы Кенжеәлi қажы Мырзабай осындай игi iстер жиiрек өтсе екен деген тiлегiн де жеткiздi. «Жалпы, Ислам дiнiнiң мақсатын түсiндiре келе, елiмiзде өзге дiндер мен ағымдардың насихатталып, дiни экстремизмнiң белең алуына дiн бостандығының берiлуi басты себеп болып отыр», – дедi бас имам. Сондай- ақ, қоғамның басты назарын аударып отырған аталмыш мәселелер қазiрден қолға алынбаса, алдағы уақытта шешуi жоқ қордаланған мәселеге айналуы мүмкiн. Дөңгелек үстел барысында дiнтану пәнiне байланысты бiлiм көтеру курсы өткiзiлсе, әр аудан бойынша мешiтпен тiкелей тығыз байланыс жасайтын 1 тiрек мектебi болса, мектептертерде оқытылып жүрген «Дiнтану» оқулығының тiлi өте ауыр, оқушылардың жас ерекшелiгiне қарай ықшамдалып, қайта өңдеп шығарылса деген ұсыныстар айтылды.

Азия БАҚЫТБЕКҚЫЗЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *