ДІНИ САНА БІРЕГЕЙЛІГІ – ҚОҒАМ БІРЕГЕЙЛІГІНІҢ АЛҒЫШАРТЫ

Биыл Елбасы Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады.  ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы тарауда «Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде са­на-сезіміміз бен дүние-таны­мымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қа­ғидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағы­мына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңір­уі­міз керек»деп атап өтті. Сонымен қоса, «ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде?» – деген сұрақ қойды. Және «Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекше­ліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында» деп бұл сұрақтың жауабын да өзі берді.

Вячеслав ВАВИЛИН,

Алматы қаласы  Жетісу ауданы әкімінің орынбасары:

Қазіргі таңда, дінтанушылар Қазақстан қоғамындығы миссионерлікпен байла­нысты көріністерге қатысты біраз мәселе­лерді көтеріп жүр. Соның бірі – прозелитизм  қоғамымыздағы көптеген діни ағымдарға тән болып келеді, әйтсе де прозелитизмнің ашық көрінісі жаңа протестанттық ағымдарда кең етек жайғанын байқауға болады. Осыған орай прозелитизм түсінігі қазақстандық мис­сионерлік қызметтің маңызды бір элементін анықтайды деп айтуға болады.

Миссионерлік терминін анықтау бары­сында зайырлы ғалымдар арасында осы қызмет сенімсіздік және скептицизм сезімін тудырып отырған. Мысалы, 1985 жылы жарық көрген атеистік сөздікте «миссио­нерлікті» шіркеулік ұйымдардың басқа сенімдегі адамдарды өз мемлекеті және шет елдердегі адамдар арасында  дінді тарату қызметі ретінде анықтаған. Соны­мен бірге, миссионерлікті отарлау саясаты кезінде дамыған державалардың идеоло­гиялық экспансияларының бір формасы деген анықтама да берген болатын.

Конфессиялық әдебиеттерде мис­сионер ретінде евангелизациялау мақсаты­мен жұмыс жасайтын барлық діни бірлес­тік­тердің ілімдерін таратушы адамдарды атаған. Миссионерлердің жұмысы еван­гелизация саясатын жүзеге асыратын, жаңа шіркеулерді құруға немесе өздерінің басқа мәдениет, мемлекет аумағындағы жұмысын жүзеге асыруға бағытталған. Тағы бір ескертетін нәрсе, протестанттық және жаңа проте­станттық ағымдардың миссионерлері шетелдік және отандық болып екіге бөлінеді: отандық миссио­нерлер тек қана өздерінің мемле­кеттерінің аумағында діни қызметін жүзеге асырады. Жалпы, шетелдік миссия­ларды бір-бірінен тәуелсіз ұйымдар ретінде қарастыру үлкен қателік болып табылады. Өйткені, шетел­дік және отандық миссия­ларда хрис­тиандық принциптерге негіз­делген ортақ мақсаттары мен мүдделері бар. Ұлттық және шетелдік миссиялар арасындағы айырма­шылықтары тек қана көзделген уақытша мақсаттарына байла­нысты болып келеді.

Ілімдік тұрғыдан миссионерлік қызмет терминін қарастыратын болсақ, мынадай анықтамалар шығаруға болады: сенімді уағыздау (яғни діни көзқарастар жүйесін); «құдай патшалығын» тарату; басқа сенімдегі адамдарды өздерінің сенімдеріне кіргізу; жаңа шіркеулерді құру.

Әрбір мемлекет миссионерлерді өздерінің саяси жоспарларын жүзеге асыруда үкіметтің одақтастары ретінде қарастырды. 1958 жылы Оңтүстік Африка үкіметінің мүшесі Нел адамдардың мис­сионерлік қызметке немқұрайлы қарауы­ның бірден-бір себебі – «Миссионерлік жұмыстың саяси мәнін» түсінбеушілігінде деп мәлімдеді. Ол: «Егер біз қара нәсілді­лерді протестанттық шіркеуге кіргізетін болсақ қана, ақ нәсілділерде… бола­шаққа деген үміттер пайда болады» деп жазған. Егер де ол жүзеге аспайтын болса, «біздің саясат, біздің заңнамалық бағдарлама және біздің барлық жоспарлар сәтсіздікке ұшырайды. Сондықтан жастар өздеріне мис­сионерлік жұмысты белсенді жүргізу міндетін мойындарына алуы керек. Өйткені, миссионерлік қызмет – тек қана Құдай ісі ғана емес, сонымен қатар ұлт игілігі үшін жұмыс; бұл – Құдайға қызмет жасаудың жақсы мүмкіндігі; сонымен бірге  өзінің Отанына қызмет жасаудың керемет мүмкіндігі»  деп жазды.

Жаңа діни ағымдар қызметтерінің қазіргі кезеңдегі формалары әр түрлі. Олар өздерінің қоғамдық санаға әсер ету деңгейлерін кеңейту мақсатында түрлі жаңашылдықты белсенді қолданады. Үгіт-насихат, діни ұйымдар мен зайырлы қоғамдық ұйымдар арасында қатынастарды қолдану арқылы қайырымдылық іс-шараларын жасау, білім беру салаларында қомақты жобаларға қаржы бөлу, баспа және ақпарат құралдарына шығу, мәдениет және бизнес салаларында қызмет жасау мақсатты түрде іске асып жатыр. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы бірлестік­тердің біразы қоғамдық, білім беруші, мәдени-ағартушы («ғылыми қоғам», «ассо­циация», «фонд», «орталық», т.б.) ұйымдар ретінде тіркелулері олардың қызметтерін­дегі жаңа тенденция­лардың көрінісі десе болады.

Олар өздерінің әлеуметтік мәртебелерін көтеру үшін жылжымайтын мүліктер сатып алып, журналистердің, заңгерлердің, мемлекеттік шенеуніктердің кәсіпкерлік және саяси беделін өз мүдделеріне қол­дану­ды кәсіпке айналдыруда. Бұл бірлес­тіктер көбінесе есірткіге, ішімдікке қарсы тағы да басқа әлеуметтік бағдарламалар мен акциялар ұйымдастырады.

Тағы бір мәселе, діни ұйымдар қайы­рымдылық қызметтерін өз діни ілімдерін уағыздау үшін қолданады. Діни ұйымдардың қайырымдылық бағдарла­малары мен акциялары миссионерлік бағытта іске асырылады. Олардың қайырымдылық қызметі қоғамдық санада позитивті имидж қалыптастыру үшін, мемлекеттік орган өкілдерімен байланыс орнату мақсатында жасалады.

Тарих беттерінде мемлекеттерді жаулап алу және оны басқару формалары уақыт талаптарына сай өзгерістерге ұшырап отыр­ғанын байқауға болады. Қазіргі даму саты­сында ақпараттық және коммуни­кациялық «өркениетті басқару» формалары әскери және тікелей саяси басқару форма­ларын екінші орынға ығыстырды. Осылайша миссионерлік қызметтің жемісінен туындаған діни сенім және жаңадан орнатылған құңдылықтар – шекаралары тікелей шектеспеген елдің өміріне саяси немесе әскери күшсіз әсер етуге, араласуға жол ашады.

Елбасымыз Н.Назарбаев Діни экстре­мизм мен терроризмге қарсы күрестің 2013 –2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Біз енді жастардың діни сауаттылығын бірінші орынға қою керектігін түсіндік. Жалпы, қоғамның діни дүние­танымын қалыптастырудың жол­дарын жетілдірудің шараларын жасауда­мыз. Оның нәтижесі қалай болатынын уақыт көрсетеді. Әйтсе де, қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды адастырып, исламдық және басқа теріс діни бағытқа тартуға тыры­сатынын ұмытпауымыз керек. «Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек. Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол – біздің дәстүріміз. Бірақ бізде зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келе­тін діни сана қалыптастыруымыз керек. Біз өзін-өзі ұстаудың ерекше үлгілерін алуға тиіспіз. Мен жария етіп отырған стратегия біздің хал­қымызды орта ғасырларда емес, ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындайды»  деген тұжырым айтты.

Осы стратегияны ұстана отырып, еліміздегі әр  түрлі діни ұйымдар арасында бірлік пен татулықты, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты тереңдетіп және ұлттық сананы дамыта отырып, теріс идеялар мен көзқарастардың алдын алуға күш салуы­мыз қажет.  Діни сананың бірегейлігі мен дұрыс дамуы – қоғам бірегейлігінің  алғышарты.

Сөзімізді қорыта келе, «Жаңғыру атау­лы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлт­тық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Кері­сінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғыру­дың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды»  деген Елбасының ойын басшы­лыққа алу керек.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *