Діни ахуал әрдайым назарда

Серік ЖҰМАБАЕВ

 

Алмалы ауданы әкімдігінің ғимаратында Алматы қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының 2017 жылы атқарған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды. Оған Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Мәдениет, ішкі саясат, спорт және дін комиссиясының төрағасы Құсман Шалабаев, Заңдылық және құқықтық тәртіп бойынша комиссиясының төрағасы Кәкімжан Бишманов, «KAZBREND» Қоғамдық қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жазылбеков және Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек Шоқай қатысты.

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков жыл басынан бергі атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Негізі Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы дін сала­сындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады және діни тұрақ­тылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық келісімді нығайту бойынша кешенді іс-шараларды атқарады. Осы ретте өткен жылдан бастап еркін консультативтік-кеңестік орган болып табылатын Алматы қаласының Діни бірлестіктері көшбасшыларының клубы құрылды. Клуб жұмысына Алматы қаласының діни бірлестіктері басшылығының 30-дан астам өкілдері қатысады. Оның ішінде 10-ы қала әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің мүшелері.

Аталмыш басқарма жетекшісінің айтуынша, 2017 жылы мем­лекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында діни экстремизм мен тер­ро­ризмнің алдын алуға, этносаралық келісім және толеранттылық идея­ларын насихаттауға бағытталған жалпы сомасы 102 млн. теңгеге 24 әлеу­меттік-маңызды жоба жүзеге асырылыпты. Ал 2018 жылға 123 млн. 249 мың теңгеге 15 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

– Мәселен, өткен жылы Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Өнер қырандары» театрымен тұрғындар және жастар арасында радикалды діни ағымдардың таралуының алдын алуға бағытталған «Заман-ай» театрландырылған қойылымы көрсетілді. Мұны халықтың басым көпшілігі көріп, ризалықтарын білдірді. Бұл қойылым көпшілікке жақсы ой салды, – деді Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.

Бұдан кейін басқарма басшысы 2018 жылға арналған жоспарларымен бөлісіп, іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына  жауап берді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close