ДІНБАСЫ ЖЕТІСУ ЖАСТАРЫМЕН БІРГЕ

Облыстың Ілияс Жан­сүгіров атындағы Мә­дениет сарайында лық толған белсенді жастар хазретті тік тұрып, зор ілтипатпен қарсы алды. 

Жас буын мүфти хазреттің өмірінен сыр шерткен бейне- фильмді тамашалады. Бас мүф­ти жастарға имандылық, ұлтжандылық жайлы насихат айтып, жастарымыздың білімді болуы жайында кеңінен әңгіме өрбітті.

Облыстық жастар саясаты басқармасының бастығы Рус­лан Алиұлы ҚМДБ-ның төр­ағасы, Бас мүфтидің жастар­мен кездесуге арнайы уақыт бөліп келгеніне алғысын айтты.

– Құрметті хазрет! Сіздің қолдауыңызбен Діни басқарма жанынан Жастар ісі бөлімін ашқаныңыздың өзі сіздің жастарға үлкен көңіл бөлге­ніңіздің айғағы, – деді риза­шылық сезіммен.

Кездесу барысында жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

 ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *