ДІНБАСЫЛАРМЕН ӨТКЕН ЖИЫН

«Ынтымақ» мешітінде «Діни экстремизм және лаңкестіктің алдын алу» атты семинар өтті

Бүгінгі күнде қоғамның басты мәселесі болып отырған діннің жат ағымдарының алдын-алу шарасы бойынша Түрксіб ауданындағы «Ынты­мақ» меші­тінде семинар өтті. Аудан жастары қатысқан семинарда түрлі діни ағымдар, олардың қоғамға қалай тез тарап жатқаны, т.б. өзекті мәсе­лелер қозғалды. Жиында Қазақстан мұсылмандары Діни басқар­масының өкілі, Алматы қала­сының Діни басқармасы өкілі, дінтанушылар сөз сөйлеп, діни уағыздарын айтты.

Діни экстремизмнің алдын-алуға арналған семинарға «Ынтымақ», «Түрксіб», «Қайрат», «Колхозшы», «Әлмерек» мешіттерінің жастары, Алматы қаласының Діни басқар­масының өкілдері мен Түрксіб ауданының әкімдігінен келген жалпы саны 100-ге жуық адам қатысты. Жиында сөйлегендер «Діни ахуалдар», «Діни экстремизмнен келетін қауіп» сынды тақырыптар бойынша баяндама оқыды. Баяндама жасағандар жас­тардың басқа дінге өтіп кетуі – олардың діни сауатсыздықтарының белгісі деген тұрғыда көрсетті. Олар «діни экстремизм мен терроризмнің барлығы бүлік болып саналады және ол дінді дұрыс түсінбеуден туындайды» дей келе, «бүлік шығарушылар» «Отан қорғау мен отбасы тыныштығын сақтауды теріс мақсатта пайдаланады» деген бірқатар ойларын айтты. Сонымен қатар, қазіргі таңда жат ағымның жетегінде кеткен азамат­тардың көбі жастар екендігі де сөз болды. Осының алдын-алу шарасы басталған Түрксіб ауданындағы семинар жастардың діни сауатын толықтырмақ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *